Жұ­ма на­ма­зы­ның дұ­рыс орын­да­лу шар­тта­ры
Жұ­ма на­ма­зы­ның дұ­рыс орын­да­лу шар­тта­ры
10 жыл бұрын 20489
Қайрат Жолдыбайұлы

1. Жұ­ма оқы­ла­тын жер­дің қа­ла не­ме­се қа­ла­ға лайық бо­луы қа­жет. Бұл жайлы Ха­зі­ре­ті Әли: «Жұ­ма на­ма­зы, тәш­риқ тәк­бір­ле­рі, Ра­ма­зан жә­не Құр­бан айт на­маз­да­ры нө­пір қа­ла не­ме­се ай­мақ­тар­да оқы­ла­ды», – дейді. Имам Ағ­зам осы­ған қа­рап, үкім шы­ғар­ған. Яғ­ни, оның көз­қа­ра­сы бойын­ша, әкі­мі, кө­ше­сі, ба­за­ры, бар оты­рық­ты жер–«нө­пір қа­ла» бо­лып са­на­ла­ды. Әбу Юсуп бойын­ша, хал­қы үл­кен ме­шіт­ке сый­май­тын­дай қа­ра­құ­рым бол­ған жер­лер­ді қа­ла са­на­са, Имам Мұ­хам­мед бас­шы­лар­дың қа­ла са­на­ған жер­ле­рін қа­ла деп есеп­тейді. Жұ­ма на­ма­зы ша­ғын оты­рық­шы жер­лер­де де оқы­ла ала­ты­ны жайлы дә­лел­дер бар. Әбу Һу­райра Бах­рейнде қыз­мет етіп жүр­ген ке­зін­де Ха­зі­ре­ті Омар­дан жұ­ма на­ма­зы жайлы сұ­райды. Ол «Жұ­ма на­ма­зын қайда бол­саң­дар да оқың­дар» деп жауап қа­та­ды. Ибн Аб­бас жұ­ма на­ма­зын Мә­ди­на­да­ғы Пай­ғам­бар ме­ші­ті­нен кейін ал­ғаш рет Бах­рейнде­гі «Жууаса» де­ген ауыл­да оқыл­ға­ны жайлы ха­бар бе­ре­ді227.

2. Жұ­ма оқи­тын имам­ның үкі­мет та­ра­пы­нан рұқ­са­ты бо­луы ке­рек. Ха­на­фи құ­қық­шы­ла­ры бойын­ша, жұ­ма на­ма­зы үшін де со­лай. Олар мы­на ха­дис­ке сүйене­ді: «Кім­де-кім жұ­ма на­ма­зын мен өмір­де бол­ған ке­зім­де не­ме­се ме­нен кейін әділ не­ме­се за­лым бір имам (бас­шы) бол­ған­да, оны мі­се тұт­пай не­ме­се те­ріс­теп, оны тәрк ет­се, Аллаһ оған бе­ре­кет бер­ме­сін жә­не ісін ілгері бастырмасын»228. Мі­не, осы ха­дис­те жұ­ма на­ма­зы­ның па­рыз бо­луы үшін әділ бол­сын, за­лым бол­сын бір бас­шы­ның бо­луы қа­жет еке­нін айт­қан. Өйтке­ні үкі­мет­тен рұқ­сат ал­ма­са, бү­лік шы­ғу ық­ти­ма­лы бар. Бі­рақ бас­шы­лар жұ­ма­ға мән бер­ме­се не­ме­се се­беп­сіз мұ­сыл­ман­дар­дың на­маз оқуына ке­дер­гі жа­са­са, мұн­дай жағ­дайда, мұ­сыл­ман­дар бір имам­ның ар­ты­на тұ­рып, жұ­ма на­ма­зын оқу­ла­ры­на бо­ла­ды. Имам Мұ­хам­мед мы­на дә­лел­ге сүйене­ді: Ха­зі­ре­ті Ос­ман Мә­ди­на­да қор­шауда қал­ған кез­де сыр­тта­ғы са­ха­ба­лар Ха­зі­ре­ті Әли­дің ар­ты­на тұ­рып, жұ­ма на­ма­зын оқы­ған229.

3. Жұ­ма на­ма­зы дұ­рыс бо­луы үшін, Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, имам­нан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп жә­не имам Мұ­хам­мед­тің көз­қа­ра­сы бойын­ша, екі ер кі­сі­нің бо­луы шарт. Дә­лел­де­рі «Аллаһ­тың зі­кі­рі­не (жұ­ма на­ма­зы­на) ұм­ты­лың­дар»230 ая­тын­да­ғы «ұм­ты­лың­дар» етіс­ті­гі көп­ше түр­де қол­да­ныл­ған. Әбу Ха­ни­фа–үш, қал­ған екеуі–екі адам­ды көп ре­тін­де қа­был ет­кен. Бұл жер­де бір қа­ла­да бір­не­ше жер­де жұ­ма на­ма­зы­ның оқы­луын айта кет­кен жөн. Әбу Ха­ни­фа жә­не Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, бір қа­ла­да бір­не­ше жер­де жұ­ма на­ма­зын оқу­ға бо­ла­ды. Бұ­ған дә­лел Ха­зі­ре­ті Әли­дің Ха­зі­ре­ті Ос­ман қор­шауда қал­ған ке­зін­де жұ­ма на­ма­зын сыр­тта оқы­ға­ны се­кіл­ді айт на­маз­да­рын да Мә­ди­на сыр­тын­да са­қа­ра­да оқы­ған. Сол жер­ге ке­ле ал­ма­ған әл­сіз, кә­рі жан­дар на­маз­да­рын қа­ла ор­та­лы­ғын­да оқы­ған.

4. Жұ­ма на­ма­зы оқы­ла­тын жер­дің ха­лық­қа ашық болуы. Өйтке­ні, жұ­ма на­ма­зы – Ис­лам­ның рә­мі­зі, дін­ ерек­ше­лік­те­рі­нің бі­рі. Имам есі­гін құ­лып­тап, жұ­ма оқы­са, на­ма­зы дұ­рыс бол­майды.

5. Уа­қыт. Жұ­ма­ның уақы­ты–бе­сін на­ма­зы­ның уақы­ты. Әнас ибн Ма­лик­тің біз­ге: «Аллаһ Ел­ші­сі жұ­ма на­ма­зын күн ба­тыс­қа ауа бас­та­ған­да оқи­тын»231– де­ген сө­зі жет­кен. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Му'саб ибн Умейрді һиж­рет­тен бұ­рын мұ­ға­лім етіп, Мә­ди­на­ға жі­бер­ген ке­зін­де оған күн ба­тыс­қа ауа бас­та­ған­да жұ­ма на­ма­зын оқуын айт­қан.

6. Хұт­па. Жұ­ма сү­ре­сін­де­гі «Аллаһ­тың зі­кі­рі­не ұм­ты­лың­дар» аяты – жұ­ма на­ма­зы мен хұт­па­сы. Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар хұт­па­сыз еш­қан­дай жұ­ма на­ма­зын оқы­ма­ған. Хұт­па шарт бол­ма­ған­да кейде оны тәрк ете­тін еді. Жа­ма­ғат­тың ал­дын­да хұт­па оқы­луы ке­рек. Хұт­па оқы­лып жат­қан кез­де жа­ма­ғат бол­май, біт­кен­нен кейін кел­се, на­маз­да­ры дұ­рыс бол­майды. Жа­ма­ғат­тың хұт­па­ны ес­ту­ле­рі шарт емес. Жал­пы сол жер­де бол­са жет­кі­лік­ті. Хұт­па ке­зін­де жо­лаушы бол­са да, жал­пы ғи­ба­дат ету­мен мін­дет­тел­ген бір ер кі­сі­нің бо­луы жет­кі­лік­ті.

Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, хұт­па­ның шар­ты Аллаһ­ты зі­кір ету­ден тұ­ра­ды. Сол се­беп­ті, хұт­па­шы хұт­па­ға ниет етіп, «Әл­хам­ду лил­ләһ» не­ме­се «Суб­ха­наллаһ» не­ме­се «Ләә илә­һә ил-лАллаһ» де­се, жет­кі­лік­ті. Өйтке­ні, «Аллаһ­ты зі­кір ету­ге асы­ғың­дар» ая­тын­да зі­кір­дің аз бо­луы мен көп бо­луы жайын­да мә­се­ле қоз­ғал­ма­ған. Ха­зі­ре­ті Ос­ман ха­ли­фа ке­зін­де ал­ғаш жұ­ма хұт­па­сын­да «Әл­хам­ду лил­ләһ» де­ген­нен кейін қо­бал­жып, ті­лі тұ­ты­лып, мін­бе­ден тү­сіп, жұ­ма на­ма­зын оқы­ға­ны осы­ған дә­лел.

Әбу Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, хұт­па – хұт­па де­лі­не­тін­дей айты­луы ке­рек. Бұл – әт-тә­хият, ма­дақ жә­не салауат пен мұ­сыл­ман­дар­ға дұ­ға ете­тін­дей кө­лем­де бол­мақ.

Хұт­па­ның уә­жіп­те­рі

1. Хұт­па­ны тік тұ­рып жә­не адам­дар­ға қа­рап оқу.

2. Кі­ші жә­не үл­кен дә­рет­сіз­дік­тен та­за бо­лу.

3. Әу­рет же­рі жа­бық бо­лу.232 

Хұт­па­ның сүн­нет­те­рі

1. Хұт­па­ны екі­ге бө­лу. Екі хұт­па­ның ара­сын­да бір тәс­бих жә­не үш аят оқи­тын­дай уа­қыт оты­ру. Сол се­беп­ті, бұ­ны «хұт­па» деп атайды.

2. Бұл екі хұт­па­ның әр­бі­рі – шә­һа­дат сөз­де­рін, са­лауат­ты қам­ту ке­рек.

3. Бі­рін­ші хұт­па – бір аят жә­не на­си­хат­ты, екін­ші хұт­па мұ­сыл­ман­дар жайлы дұ­ға­ны қам­ту ке­рек. Екін­ші хұт­па­да хұт­па­шы­ның даусы – бі­рін­ші хұт­па­дан тө­мен бо­луы ке­рек. Бұ­лар хұт­па­ның сүн­не­ті.

4. Екі хұт­па­ны ұзат­пау.

5. Хұт­па­шы мін­бер­ге шық­қан кез­де оның ал­дын­да азан­шы азан оқи­ды. Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар за­ма­нын­да оқыл­ған азан осы.

6. Хұт­па­шы азан­нан кейін тұ­рып, құ­пия­лай әғу­зу­ды оқып, жа­рия­лай Аллаһ Та­ға­ла­ға ма­дақ ай­тып, хұт­па­сын жа­ма­ғат­қа қа­рап оқи­ды.

7. Хұт­па біт­кен кез­де қа­мат айты­ла­ды.

Жұ­ма на­ма­зы ауыл­дық жер­лер­де де оқы­ла­ты­ны жайлы бұ­рын­нан рұқ­сат бе­ріл­ген. Бір ауыл­да тұ­ра­тын адам қа­ла­ға ке­ліп, жұ­ма уақы­ты­на дейін қа­лу­ды ниет ет­се, оған жұ­ма на­ма­зы – па­рыз. Бі­рақ жұ­ма­дан бұ­рын ке­ту­ге ниет ет­се, па­рыз емес. Жұ­ма уақы­ты кір­ген­нен кейін шы­ғу­ды ниет ет­се, ба­сым көп­ші­лік­тің көз­қа­ра­сы бойын­ша, па­рыз бол­майды. Ауыл­ға кө­лік­тің ер­те ке­тіп, бас­қа бір кө­лік­тің бол­мауы се­кіл­ді се­беп­тер­ге байла­ныс­ты, жұ­ма­ны күт­пе­се де бо­ла­ды. Бе­сін на­ма­зын оқы­са, же­тіп жа­тыр. Жұ­ма кү­ні жол­ға шы­ғу­ға бо­ла­ды. Бі­рақ түс­тен кейін жұ­ма на­ма­зын оқы­май шы­ғуы – мәк­рүһ. Жұ­ма кү­ні тәк­бір айту, жуыну, хош иіс жа­ғу, ми­суак қол­да­ну, жақ­сы киім кию – мұс­та­хап. Жұ­ма кү­ні азан оқыл­ған кез­де се­беп­ті жағ­дайы бол­ма­ған­дар­дың іс­те­рін тоқ­та­тып, ме­шіт­ке де­реу ба­руы – уә­жіп. Жұ­ма кү­ні ме­шіт­ке ер­те ба­ру, екі рә­кат на­маз оқу, «Кәһф» сү­ре­сін оқу не­ме­се тың­дау – мән­дүп.

Хұт­па­шы мін­бер­ге шық­қан кез­де, жа­ма­ғат­тың ты­ныш­тық сақ­тауы, сә­лем алып, сә­лем бер­меуі, нә­піл на­маз оқымауы ке­рек. Жұ­ма­ның екі сүн­не­тін оқып қойса, қал­ға­нын те­зі­рек уә­жіп­те­рін бұз­бай бі­ті­ру қа­жет. Тіп­ті хұт­па­да Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) аты ай­тыл­са да салауат айт­пай үн­сіз қа­лу – аб­зал. Бі­рақ Әбу Юсуп бойын­ша, іш­тей салауат айты­ла­ды.


227 Бухари, Жума, 11.
228 Ибн Мажә, Иқама, 78
229 әл-Касани, 1. 261.
230 Жұма, 62/9.
231 Бухари, Жума, 16
232 Білмен, 157.

0 пікір