Иман
Иман
10 жыл бұрын 3695
Қайрат Жолдыбайұлы

Иман – ақыл мен жү­рек­тің ке­лі­сіп түй­ген ор­тақ нә­ти­же­сі мен ар-ож­дан­ның құ­ба-құп­та­ған же­мі­сі. Иман – адам ба­ла­сын екі дү­ниеде де ба­қыт­ты ете­тін ға­жай­ып тыл­сым қа­зы­на.Ұлы Жа­ра­ту­шы әу бас­та адам­ды ай­на­ла­сы­на қа­рап Ұлы Ие­сін тап­сын, та­ны­сын, иман ет­сін, Жара­ту­шы­сы­ның құ­ді­ре­ті­нің, ұлы­лы­ғы­ның, ше­бер­лі­гі­нің ал­дын­да таң­ға­лып бас исін деп мы­на дү­ниеге жі­бер­ген. Де­мек, Иман – адам­ның жа­ра­ты­луы­ның мән-ма­ғы­на­сы, мы­на дү­ниеге жі­бе­рі­луін­де­гі асыл мақ­сұ­ты. Мі­не, адам­ның жа­ра­ты­луы­ның не­гіз­гі мақ­сұ­ты Ұлы Ие­сін та­бу бол­ған­дық­тан, оған бас­қа жа­ра­ты­лыс­тар­дан ерек­ше­лен­ді­ріп «ақыл-ой, са­на» бе­ріл­ген. Ұлы Жа­ра­ту­шы ай­на­ла­мыз­ды қор­ша­ған мы­на жал­пы ға­лам­ды Өзін та­ны­та­тын ға­жай­ып алып кі­тап іс­пет­ті жа­рат­қан. Он­да­ғы әр­бір жара­ты­лыс оқи біл­ген адам үшін өз бол­мы­сы­мен, бой­ын­да мөр­лен­ген ға­жай­ып на­қыш­та­ры­мен Ұлы Ұс­та­сын мең­зеп тұр. Адам осы ға­лам де­ген кі­тап­тың сы­рын тү­сі­ніп оқи біл­се, он­да сөз­сіз Ұлы Ие­сін тап­қа­ны. Сон­дық­тан, Аллаһ Та­ға­ла соң­ғы пай­ғам­бар Мұхаммед­ке (с.а.у.) тү­сір­ген ал­ғаш­қы аят­та: «Иқ­ра...» яғ­ни, «Оқы!Жа­рат­қан Раб­бың­ның аты­мен», – деп көз ал­ды­мыз­да­ғы осы жа­ра­ты­лыс кі­та­бын оқу­ды бұй­ыр­ған.

Тө­бе­міз­де­гі бас ай­нал­ды­рар таң­ға­жай­ып, үй­ле­сім­ді жүйе­мен тұр­ған сан­сыз жы­мың­да­ған жұл­дыз­дар мен жан-жа­ғы­мыз­ды қор­шап жат­қан мың бір ма­ғы­на-хик­мет­ке то­лы жал­пы жа­ра­ты­лыс жә­не адам­ның өзі – Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­ды та­ны­та­тын ерек­ше үл­кен кі­тап. Ас­пан әле­мі­нің әр­бір қа­ба­ты – бұл үл­кен кі­тап­тың же­ке-же­ке бет­те­рі, әр­бір га­лак­ти­ка – сол бет­те­гі же­ке-же­ке ма­ғы­на­лы сөй­лем, сол га­лак­ти­ка­лар­да­ғы әр­бір жұл­дыз – том-том кі­тап­тар­ға па­ра-пар ма­ғы­на­лы жа­рық сөз. Жер ша­ры бұл үл­кен кі­тап­тың маз­мұ­нын қам­ти­тын не­гіз­гі бе­ті бол­са, адам ба­ла­сы сол бет­тің не­гіз­гі маз­мұн-ма­ғы­на­сы. Барлы­ғы Ұлы Жа­ра­ту­шы Аллаһ­ты өз бол­мы­сы­мен танытып, Оның бар екен­ді­гін һәм бір екен­ді­гін күл­лі әлем­ге әй­гі­леп тұр.

Жал­пы жа­ра­ты­лыс­қа қа­ра­ға­ны­мыз­да он­да­ғы әр нәр­се­нің орын-ор­нын­да тұр­ға­нын, әр­қай­сы­сы өзін­дік мән-ма­ғы­на­мен бе­зен­ді­ріл­ге­нін жә­не оған бел­гі­лі бір мін­дет жүк­тел­ге­нін кө­ре­міз. Әр нәр­се­ден сұ­лу­лық, ке­мел­дік, жүйелі­лік бай­қай­мыз. Жал­пы жа­ра­ты­лыс са­ғат сияқ­ты ке­ре­мет есеп­пен, нә­зік жүйе­мен іс­теп тұр. Тіп­ті біз­дер са­ға­ты­мыз­ды осы жал­пы жа­ра­ты­лыс­та­ғы жүйеге қа­рай есеп­тей­міз. Ен­де­ше, өзін­дік ма­ғы­на, мін­де­ті бар кішкен­тай ине­нің де бел­гі­лі бір ұс­та­сы­ның бо­ла­ты­ны секіл­ді, жа­ра­ты­лыс­та­ғы сұ­лу­лық­тың, ке­мел­дік­тің, жүйе­нің, мән-ма­ғы­на­ның да бір жа­ра­ту­шы­сы, қоюшы­сы бо­лу­ға тиіс.

Кей­бі­реулер­дің айт­қа­нын­дай бұл әлем өз-өзі­нен, кездей­соқ пай­да бол­ған жоқ. Не­ге дей­сіз бе? Өйтке­ні, кез­дей­соқ­тық мы­на өте ке­ре­мет жүйе­мен, нә­зік те ғаламат есеп­пен іс­теп тұр­ған ұшы-қиыры жоқ шек­сіз әлем­ді, жара­ты­лы­сын­да еш мі­ні жоқ түр­лі-түс­ті, сан алуан жан-жа­ну­ар­ды, көз­дің жауын ала­тын сан­сыз өсімдік әле­мін жә­не мың бір сыр­лы, ға­жай­ып жал­пы жара­ты­лыс­ты жасай­тын­дай күш пен ақыл­дан ма­құ­рым.

0 пікір