Имам­ға ке­ші­гіп ұйы­ған адам на­ма­зын қа­лай жал­ғас­ты­ра­ды?
Имам­ға ке­ші­гіп ұйы­ған адам на­ма­зын қа­лай жал­ғас­ты­ра­ды?
10 жыл бұрын 22027
Қайрат Жолдыбайұлы

Имам­ға на­маз­дың ор­та­сын­да не­ме­се ая­ғын­да, мы­са­лы, бір, екі яки үш рә­кат­тан кейін ұйы­ған адам­ға «мәс­буқ» де­лі­не­ді.

Мәс­буқ, имам­ға жа­рия оқыл­ған на­маз­да үл­гер­се, суб­ха­на­ка дұ­ға­сын оқы­мас­тан имам­ға құ­лақ аса­ды. Со­сын үл­гер­мей қал­ған рә­кат­та­рын жал­ғас­ты­ру үшін тұр­ған уа­қыт­та суб­ха­на­ка дұ­ға­сын оқи­ды.

 

Таң на­ма­зы­ның екін­ші рә­ка­ты­наүл­гер­ген жағ­дайда...

Имам­ға таң на­ма­зы­ның екін­ші рә­ка­тын­да үл­гер­ген адам иф­ти­тах (на­маз­ға бас­тау) тәк­бі­рін ал­ған­нан кейін ары қа­рай имам­ды тың­дайды. Соң­ғы оты­рыс­та тек қа­на «әт-тә­хият» дұ­ға­сын оқи­ды. Имам екі жақ­қа сә­лем бер­ген­нен кейін де­реу тұ­рып, үл­гер­мей қал­ған бі­рін­ші рә­ка­тын жал­ғас­ты­ра­ды. «Суб­ха­на­ка» дұ­ға­сы мен «ә'узу мен бис­мил­лаһ­ты», со­сын «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре­ні оқы­ған­нан кейін рү­күғ, сәж­де, соң­ғы оты­рыс жа­сап, на­ма­зын аяқ­тайды.

 

Ақ­шам на­ма­зы­ның екін­ші рә­ка­ты­на үл­гер­ген жағ­дайда...

Имам­ға ақ­шам на­ма­зы­ның екін­ші рә­ка­тын­да ұйы­ған адам үл­гер­мей қал­ған бі­рін­ші рә­ка­тын ту­ра таң на­ма­зы­ның екін­ші рә­ка­ты­на үл­гер­ген адам сияқ­ты оқи­ды.

 

Ақ­шам на­ма­зы­ның соң­ғы рә­ка­ты­на үл­гер­ген жағ­дайда...

Ақ­шам на­ма­зы­ның соң­ғы рә­ка­ты­на үл­гер­ген адам иф­ти­тах (на­маз­ға бас­тау) тәк­бі­рін ал­ған­нан кейін «суб­ха­на­ка» дұ­ға­сын оқып, ары қа­рай сол рә­кат­ты имам­мен бір­ге тә­мам­дайды. Имам сә­лем бер­ген­нен кейін тұ­рып «суб­ха­на­ка» дұ­ға­сы мен «ә'узу мен бис­мил­лаһ­ты» со­сын «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ жә­не сәж­де жа­сап оты­ра­ды. Бұл оты­рыс­та тек қа­на әт-та­хият дұ­ға­сын оқып, қайта тұ­ра­ды. Бис­мил­лаһ­тан кейін «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ жә­не сәж­де жа­са­ған­нан кейін соң­ғы оты­рыс­қа оты­ра­ды. Бұл жер­де «әт-тә­хият», «салауат», «раб­ба­нә әти­на» дұ­ға­ла­рын то­лық оқып, сә­лем бе­ріп, на­ма­зын аяқ­тайды. Ақ­шам на­ма­зы­ның екін­ші рә­ка­ты­на үл­гер­ген адам үш рет тә­шәһ­һүд­ке оты­ра­ды. Бі­рақ екін­ші рә­кат­тың со­ңын­да қа­те­ле­сіп, отыр­май қал­са, сә­һу сәж­де­сі қа­жет емес.

 

Төрт рә­кат­ты на­маз­дың соң­ғы рә­ка­ты­на үл­гер­ген жағ­дайда...

Төрт рә­кат­ты на­маз­дың төр­тін­ші рә­ка­тын­да имам­ға ұйы­ған адам имам екі жақ­қа сә­лем бер­ген­нен кейін тұ­рып, «суб­ха­на­ка» дұ­ға­сы мен «ә'узу мен бис­мил­лаһ­ты» жә­не «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ жә­не сәж­де жа­сап оты­ра­ды. Бұл оты­рыс­та тек қа­на «әт-та­хият» дұ­ға­сын оқып, қайта тұ­ра­ды. «Бис­мил­лаһ­тан» кейін «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ, сәж­де­ге ба­рып соң­ғы рә­кат­қа тұ­ра­ды. Бис­мил­лаһ­тан кейін тек қа­на «Фа­ти­ха» сү­ре­сін оқып, рү­күғ, сәж­де­ге ба­рып, соң­ғы оты­рыс­қа оты­рып, «әт-тә­хият», «салауат», «раб­ба­нә әти­на» дұ­ға­ла­рын то­лық оқып, сә­лем бе­ріп, на­ма­зын аяқ­тайды.

 

Төрт рә­кат­ты на­маз­дың үшін­ші рә­ка­ты­на үл­гер­ген жағ­дайда...

Төрт рә­кат­ты на­маз­дың үшін­ші рә­ка­тын­да имам­ға ұйы­ған адам имам соң­ғы оты­рыс­қа отыр­ған уа­қыт­та тек қа­на «әт-тә­хият» дұ­ға­сын оқи­ды. Имам сә­лем бер­ген­нен кейін тұ­рып, «суб­ха­на­ка» дұ­ға­сы мен «ә'узу мен бис­мил­лаһ­ты» жә­не «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ, сәж­де жа­сап қайта тұ­ра­ды. Бис­мил­лаһ­тан кейін «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ, сәж­де­ге ба­рып, соң­ғы оты­рыс­қа оты­рып, «әт-тә­хият», «салауат», «раб­ба­на әти­на» дұ­ға­ла­рын то­лық оқып, сә­лем бе­ріп, на­ма­зын аяқ­тайды.

 

Төрт рә­кат­ты на­маз­дың екін­ші рә­ка­ты­на үл­гер­ген жағ­дайда...

Төрт рә­кат­ты на­маз­дың екін­ші рә­ка­тын­да имам­ға ұйы­ған адам, имам соң­ғы оты­рыс­қа отыр­ған уа­қыт­та тек қа­на әт-тә­хият дұ­ға­сын оқи­ды. Имам сә­лем бер­ген­нен кейін тұ­рып, «суб­ха­на­ка» дұ­ға­сы мен «а'узу мен бис­мил­лаһ­ты» жә­не «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ, сәж­де жа­сап, соң­ғы оты­рыс­қа оты­ра­ды. Бұл жер­де «әт-тә­хият», «салауат», «раб­ба­на әти­на» дұ­ға­ла­рын то­лық оқып, сә­лем бе­ріп, на­ма­зын аяқ­тайды.

Имам­ға рү­күғ­да үл­гер­ген адам сол рә­кат­қа үл­гер­ген са­на­ла­ды. Имам­ға сәж­де не­ме­се оты­рыс­та үл­гер­ген адам де­реу иф­ти­тах (на­маз­ға бас­тау) тәк­бі­рін алып, имам­ға ұйиды.

Пікір білдірілмейді.