Хақ Та­ға­ла­ға де­ген құл­шы­лық­тың мә­ні
Хақ Та­ға­ла­ға де­ген құл­шы­лық­тың мә­ні
10 жыл бұрын 3411
Қайрат Жолдыбайұлы

Күл­лі жа­ра­ты­лыс атау­лы − Аллаһ Та­ға­ла­ның құдіретін, ше­бер­лі­гін, ілі­мін, жал­ғыз­ды­ғын, ұлы­лы­ғын та­ны­тар же­ке-же­ке құ­дайы­лық мөр. Біз осы­лар­ға қа­рап Оны таны­дық, әлі де та­ну үс­тін­де­міз. Аллаһ Та­ға­ла Құран Кәрім­де:

خَلَقْتُ الجِنَّ وَالإنْسَ إلاَّ لِِيَعْبُدُونَ﴾﴿وَمَا «Мен жын­дар мен адам ба­ла­сын «тек қа­на (ме­ні та­нып), ма­ған ғи­ба­дат ет­сін» деп жа­рат­тым»[1] – дей­ді.

Де­мек, Аллаһ Та­ға­ла біз­ді бұл дү­ниеге Өзін мы­на жара­ты­лыс­қа қа­рап тап­сын, та­ны­сын, біл­сін, құ­ді­ре­ті­нің, ше­бер­лі­гі­нің, ілі­мі­нің ал­дын­да таң­ға­лып, бас исін, құл­шы­лық ет­сін деп жі­бер­ген. Мы­са­лы, кез-кел­ген атақ­ты су­рет­ші­нің та­би­ғат­ты өр­нек­те­ген су­ре­ті­не қа­рап таң­ға­лып, там­са­на таң­дай қа­ға­мыз. Оның өне­рін, ше­бер­лі­гін, та­лан­тын мой­ын­дап, оған мақтау ай­та­мыз. Ал, ен­ді сол су­рет­ші­нің сал­ған су­ре­тін бір сәт ба­ға­лап кө­ре­лік­ші!... Өс­пей­ді, өн­бей­ді, төрт мез­гіл­де әр түр­лі құ­бы­лыс­қа енбей­ді, ағаш­та­ры же­міс бер­мейді, су­ла­ры ақ­пай­ды, құс­та­ры сай­рап, ба­лық­та­ры жүз­бейді. Мі­не, біз­дер осын­дай жан­сыз, жа­сан­ды, кө­шір­ме су­рет­тер­ге қа­рап таң­ға­лып, таң­дай қа­ға­мыз. Бі­рақ сырт­та­ғы көр­кем­ді­гі ға­жап мы­на шы­найы әлем­ге кө­ңіл бөл­мей­міз. Он­да­ғы жұ­пар исі аңқы­ған сан алуан гүл­дер­ді, әр түр­лі же­міс-жи­де­гін шашу ет­кен ағаш­тар­ды, құр­лық пен те­ңіз­ді ме­кен­де­ген сан­сыз қа­сиет­ке ие жан­ды-жан­сыз атау­лы­ны, көз­дің жауын алар жа­сам­паз­дық­қа тұ­нып тұр­ған жал­пы та­би­ғат­ты жа­рат­қан не­гіз­гі Ұлы Су­рет­ші­ні, ше­бер Жа­ра­ту­шы­ны еле­меуге бо­ла ма? Са­на­лы адам үшін на­ғыз мақтау­ға ие сол Жа­ра­ту­шы емес пе? Қа­лай ға­на Оның құ­ды­ре­ті­нің, ше­бер­лі­гі­нің, ұлы­лы­ғы­ның ал­дын­да таң­ға­лып, Оған ма­дақ, мақтау айт­па­стан жай­бара­қат жү­ре аламыз?

Ен­де­ше, адам ба­ла­сы­ның ең бас­ты мін­де­ті – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны та­ну. Оның ұлы­лы­ғын дә­ріп­теп, «Аллаһу әк­бар», «Аллаһ Тағалам, сен қан­дай ұлы­сың!» деп бас иіп, ма­дақ ай­ту.

Иә, Оның шек­сіз құ­ды­ре­ті­нің, ұлы­лы­ғы­ның, ше­бер­лі­гі­нің, ілі­мі­нің ал­дын­да таң­ға­ла бас иіп, мақтау ай­ту – құл­шы­лық­тың на­ғыз өзі.

На­ма­зы­мыз­дың әр рә­кат­тан­да үне­мі оқы­ла­тын «Фати­ха» сү­ре­сін­де­гі: «Бү­кіл ма­дақ та, мақтау да тек қана бү­кіл әлем­нің Раб­бы­сы − Аллаһ­қа тән» деу­дің мағы­на­сы да осы бол­са ке­рек.

Құл­шы­лық­тың та­ғы бір мә­ні – Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан біз­ге те­гін тар­ту етіл­ген сан жет­пес жақ­сы­лық, ри­зық, нығ­мет үшін рақ­ме­ті­міз­ді ғи­ба­дат ар­қы­лы біл­ді­ріп, Оның ал­дын­да қа­рыз­дар еке­ні­міз­ді мой­ын­дау.

Жан-жа­ғы­мыз­ды қор­шап жат­қан күл­лі бол­мыс атау­лы тек қа­на біз үшін жа­ра­тыл­ған. Аллаһ Та­ға­ла өзі­нің шек­сіз құ­ды­ре­ті­мен олар­ды әл­сіз, дәр­мен­сіз адам ба­ла­сы­ның қыз­ме­ті­не бас идір­ген. Алып та­би­ғат де­не­ле­рін Ұлы Жа­ра­ту­шы өзі бас идір­ме­се олар­ды күш­пен ба­ғын­ды­ру­ға адам ба­ла­сы­ның қауқа­ры жет­пе­сі дау­сыз.

Арай­лап таң­ның атуы, алау­лап күн­нің ба­туы кім үшін?!

Жо­сы­лып бұлт­тың кө­шуі, ер­ке­леп жел­дің есуі кім үшін?!

Сыл­дыр­лап ақ­қан өзен мен буыр­қа­нып та­сы­ған те­ңіз кім үшін?!

Қой­науын қа­зы­на­ға то­лы, тәк­кап­пар бей­не­де жа­рал­ған, ас­пан­мен та­лас­қан ас­қар тау­лар кім үшін?!

Еті­мен, сү­ті­мен, те­рі­сі­мен, жү­ні­мен өріс­те жүр­ген жан-жа­ну­ар атау­лы кім үшін?!

Жан-тә­ні­міз­ді сүй­сін­тіп, өне бойы­мыз­ды тол­қы­тып, ән са­ла­тын, то­ты, бұл­бұл жыр­шы құс­тар кім үшін?!

Жұ­пар исін аң­қы­тып, көз­дің жауын ала­тын, сан алуан түс­ті гүл­дер мен бал­дай тәт­ті же­міс-жи­дек кім үшін?!

Алып Күн де­не­сі­нің жы­луы мен жа­ры­ғы кім үшін?! Бір ға­на жауап бә­рі де біз үшін. Бә­рі де адам ба­ла­сы үшін. Бә­рі де ар­дақ­ты жа­ра­ты­лыс иесі адам­зат үшін.

Әр ай сай­ын қол­дан­ған ыс­тық, суық суы­мыз бен жақ­қан электр ша­мы­мыз­дың ақы­сын тө­леп жа­тыр­мыз. Ал, кө­зі­міз­ді аш­қан­нан бе­рі біз­ге жы­луы мен жа­ры­ғын күлім­дей төк­кен күн­нің Ұлы Иесі­не қан­дай ақы тө­ле­дік?! Тө­ле деп та­лап ет­кен­де не­міз­ді тө­лер едік?! Ен­де­ше, адам­ның мін­де­ті тек қа­на ішіп-жеп, тай­раңдау емес, осылар­ды те­гін бер­ген Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на ал­ғыс білдіріп, құл­шы­лық жа­сау.

Абай ата­мыз­дың айт­қа­нын­дай:

«Ма­хаб­бат­пен жа­рат­қан адам­зат­ты,

Сен де сүй Ол Ал­ла­ны жан­нан тәт­ті».

Біз­ге сүйіс­пен­ші­лік­пен қа­рап, тау­сыл­мас қым­бат нығ­мет­тер­ді сый­ла­ған Ұлы ие­міз­ге біз де сүйіс­пен­ші­лік­пен қа­рап, бас иіп, ал­ғы­сы­мыз­ды ғи­ба­дат ар­қы­лы біл­ді­руіміз – біз­дің ұмы­тыл­мас мін­де­ті­міз.

Адам де­не мен рух­тан тұ­ра­ды. Де­не­ні күн сай­ын ішкен-же­ген та­мақ ар­қы­лы қо­рек­тен­ді­ре­міз. Ал рух­ты немен қо­рек­тен­ді­ре­міз? Ру­хы­мыз­ды жә­не оның ма­за­сыз­ды­ғын да­мы­ған ғы­лым да, ша­рық­та­ған эко­но­ми­ка да, сәт са­нап өр­кен­де­ген мә­де­ниет те қа­на­ғат­тан­ды­ра ал­май­ды. Адам­ның төрт тү­лі­гі сай бо­лып, же­ге­ні май бол­са да, бәрі­бір оған бір нәр­се жет­пей тұ­ра­ды. Өйтке­ні, оның сұра­ға­ны зат­тық емес, ру­ха­ни бол­мақ. Де­мек, ма­те­ри­ал­дық де­не­міз­дің ма­те­ри­ал­дық қо­рек та­лап ет­ке­ні тә­різ­ді, рухы­мыз да ру­ха­ни қо­рек­ті та­лап ете­ді. Олай бол­са, рухы­мыз­дың, жан дү­ниеміз­дің қо­ре­гі – біз­дің на­ма­зы­мыз, ора­за­мыз, жал­пы күл­лі ғи­ба­да­ты­мыз. «Рағд» сү­ре­сін­де: أَلاَ بِذِكْرِ اللّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ  «Бі­ліп қой­ың­дар! Жү­рек­тер тек қа­на Аллаһ­ты ес­ке алу ар­қы­лы жай та­ба­ды», – деп, ғи­ба­дат жа­са­ған уа­қыт­та ға­на ру­хы­мыз ер­кін ты­ныс алып, жү­ре­гі­міз жай тауып, жан дү­ниеміз ты­ныш­тық­қа, шек­сіз ра­хат­қа қауы­шып, ерек­ше ләз­зат­қа бө­ле­не­ті­нін біл­ді­ре­ді.

Нұс­қа айт­сақ, ғи­ба­дат – ру­хы­мыз­ға қо­рек, жү­ре­гі­міз­ге ши­па, де­не­міз­ге сау­лық, ақы­лы­мыз­ға ту­ра­лық, ерік-жі­ге­рі­міз­ге қуат, се­зім­де­рі­міз­ге ке­мел­дік, әл­сіз­ді­гі­міз­ге сүйе­ніш сый­лай­ды. Ғи­ба­дат – өмі­рі­міз­ді рет­ке кел­ті­ріп, кү­нә­лар­дың бат­па­ғы­на ба­ту­дан, ру­ха­ни лас­тық­тан сақтай­ды.

Ғи­ба­да­ты­мыз – екін­ші дү­ниеміз­ге жи­на­ған азы­ғы­мыз, мәң­гі­лік дү­ниеде ба­қыт­ты бо­лу­дың бір­ден-бір жо­лы да сол.

Ғи­ба­да­ты­мыз – бә­рі­нен бұ­рын Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның біз­ге жүк­те­ген ең ұлы па­ры­зы.

Ғи­ба­да­ты­мыз – има­ны­мыз­дың бел­гі­сі, әл­сіз­ді­гі­міз­дің, мұқ­таж­ды­ғы­мыз­дың, ша­ра­сыз­ды­ғы­мыз­дың, қыс­қа­сы, құл­ды­ғы­мыз­дың ны­ша­ны.

Біз­дің Аллаһ­қа бас июі­міз – бас­қа­ға бас имей­тін­ді­гі­міз үшін бе­ріл­ген шы­найы ан­ты­мыз бен сер­ті­міз. Өйткені, біз Аллаһ­қа құл бол­ған кез­де ға­на нәп­сі­ге, дүниеге жал­пы бар­лық бас­қа жал­ған құл­шы­лық­тар­дан құ­ты­ла­мыз.

Тә­ні­міз сәж­де­де ба­рын­ша кі­ші­рей­ген сәт­те, ру­хы­мыз Ұлы­лар­дың Ұлы­сы­на сам­ғай ұшып, кө­те­рі­ліп жа­та­ды.

[1] За­рият сү­ре­сі 56-аят.

0 пікір