Жауған қарда да Құдайдың шеберлігінің мөрі бар!
Жауған қарда да Құдайдың шеберлігінің мөрі бар!
11 жыл бұрын 20848
Қайрат Жолдыбайұлы

Си­па­тын көр, то­сып ал да,

Жа­па­лақ­тап жауса қар.

Та­за тек­сер, көз­ді сал да,

Қан­дай оның тү­рі бар?

Шә­кә­рім

 

Кә­дім­гі қар­дың әр­бір қа­лауша­сын­да Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың ше­бер­лі­гі­нің мө­рі бар. Жай кө­зі­міз­бен қа­ра­ған­ның өзін­де әр­бір қар түйір­ші­гі­нің бір-бі­рі­не ұқ­са­май­ты­нын кө­ре­міз. 1 метр2 қар­да 350 мил­лион қар түйір­ші­гі бар деп жо­ба­ла­ну­да. Бұ­лар­дың әр­қай­сы­сы әр түр­лі сим­мет­риялы ою-өр­нек­пен бе­зен­ді­ріл­ген хрус­таль тә­різ­дес ал­ты бұ­рыш­ты пі­шін­де еке­нін бі­ле­сіз бе? Қар түйір­шіктерінің бұл ғажайып сыры соң­ғы 100 жыл­да ғана бел­гі­лі бол­ды. Уил­сон Берт­лей 1885 жы­лы фо­то­мик­ро­фик фо­то­ап­па­ра­ты ар­қы­лы 46 жыл қар түйір­шік­те­рін тү­сі­ріп­ті, ар­ты­нан «Қар түйір­шік­те­рі» ат­ты кі­та­бын жа­за­ды. Уил­сон Берт­лей өзі тү­сір­ген 5300 су­рет­тің іші­нен бір-бі­рі­не ұқ­сай­тын екі су­рет­тің кез­дес­пе­ге­нін таң­ға­ла ай­та­ды.

Жер бе­тін­де­гі бар­лық қар­ түйіршігінің бір-бі­рі­не ұқсамайтын ал­ты бұ­рыш­ты әрі геомет­риялы пі­шін­де бо­луы – Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың тең­дес­сіз ше­бер­лі­гі мен бар­лық қар­дың пі­ші­нін бі­ле­тін шексіз ілі­мі­нің бел­гісі бол­са ке­рек. Жер бе­ті­не түсіп, ері­ген­ге дейін ға­на өмі­рі бар әр­бір қар­да өзі­нің құді­ре­ті мен ше­бер­лі­гі­нің мө­рін на­қыш­та­ған Алла қандай ұлы! Мұ­ны да кез­дей­соқ дей­тін­дер­ге не дейік?

 

0 пікір