Дүр­сіл­де­ген жү­рек
Дүр­сіл­де­ген жү­рек
11 жыл бұрын 7264
Қайрат Жолдыбайұлы

Дү­ниеде­гі ең ке­ре­мет мо­тор – кө­кі­ре­гі­ңіз­дің сол жағын­да ор­на­лас­қан жү­ре­гі­ңіз. Жү­ре­гі­міз ерек­ше жүйесі­мен, тоқтау­сыз со­ғуымен тәулі­гі­не де­не­міз­де­гі қан­ды 1000 рет то­лық ай­нал­ды­рып шығады екен. Жү­рек бір са­ғат­та ор­та­ша кө­лем­ді жеңіл көлікті 1 метр жо­ға­ры кө­те­ре­тін­дей қуат бө­ліп шы­ға­ра­ды. Жү­ректің қан­ды ай­да­ған кез­де қол­да­на­тын кү­ші өте қуат­ты. Осы күш ар­қы­лы қан­ды 3 метр биіктікке ыт­қы­та ала­ды. Жү­рек­тің ең бір ерек­ше қа­сиеті –өмір бойы үздіксіз жұ­мыс іс­теуі. Осы тұр­ғы­дан ал­ған­да, оны дү­ниеде­гі тоқ­та­май, де­ма­лыс­сыз жұ­мыс іс­тей­тін теңдессіз мо­тор деу­ге бо­ла­ды. Жү­рек – ша­ма­мен ми­ну­ты­на 70 рет, бір жыл­да 37 миллион­ рет со­ғып, үне­мі қоз­ға­лыс­та бо­ла­тын жал­ғыз ағ­за. Адам­ның ор­та өмі­рі бой­ын­ша 2,5 мил­лиард рет со­ға оты­рып, 300 мил­лион литр­дей қан­ ай­дайды. Ұйық­тап жат­қан уа­қыт­тың өзін­де жү­ре­гі­міз са­ға­ты­на 340 литр қан ай­дай­ды екен.

Ала­қа­ны­ңыз­ды қан­ша ми­нут үздүксіз ашып-жұмып тұ­ра ала­сыз? Ала­қа­н бір­не­ше ми­нут­тан кейін-ақ талып, бұл әре­ке­ті­ңіз­ді тоқ­та­ту­ға мәж­бүр бола­сыз. Ал ен­ді өмір бойы жү­ре­гі­ңіз­ді бір ме­зет тоқ­тат­па­стан, де­не­міз­дің түк­пір-түк­пі­рі­не са­ға­ты­на жүз­де­ген литр қан­ды ай­дат­қы­зып тұр­ған қан­дай күш? Та­ғы да кездей­соқ­тық па? Жоқ әл­де...

0 пікір