Аспан әлемі
Аспан әлемі
11 жыл бұрын 68671

Алла Та­ға­ла «Тә­бә­рак» сү­ре­сін­де: «Же­ті қа­бат аспан­ды бір-бі­рі­не үй­ле­сім­ді етіп жа­рат­қан – Ол Алла. Рах­ман­ның жа­ра­ту­ын­да еш­бір ақау, жүйе­сіз­дік кө­ре ал­май­сың. Сал кө­зің­ді, кө­ре ала­сың ба бір ақау? Сосын кө­зің­ді қай­та-қай­та бұ­рып қа­ра! Кө­зің еш­бір ақау та­ба ал­ма­ған­дық­тан шар­шап, тал­ған күйде са­ған қай­та ора­ла­ды» – депас­пан әле­мін­де­гі ке­ре­мет жүйені, ақау­сыз­дық­ты баян­дай­ды.

Ас­пан әле­мі, яғ­ни сан­сыз пла­не­та­лар мен жы­мың­да­ған жұл­дыз­дар бір-бі­рі­мен қақ­ты­ғыс­пай өте жі­ңіш­ке есеп­пен, өте ке­ре­мет жүйе­мен мил­лиардтаған жыл­дар бойы іс­теп тұр. Бұ­лар­ды бір-бі­рі­мен қақ­ты­ғыс­тыр­май, осын­ша жыл­дар бойы іс­ке қо­сып тұр­ған күш қан­дай күш? «Тарты­лыс» кү­ші де­лік. Тар­ты­лыс кү­шін­де­гі нә­зік те ғажай­ып те­пе-тең­дік­ті қойған тыл­сым күш қан­дай құді­рет? Егер бір пла­не­та­ның тұ­рақ­ты тар­ты­лыс күші бір ме­зет кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен азай­са не­ме­се кө­бей­се, көк әле­мі қа­лай тас-тал­қан бо­ла­рын бір сәт ойлан­ды­ңыз ба? Бар­лық пла­не­та­лар мен жұл­дыз­дар­дың үл­кен­ді-кі­ші­лі кө­лем­де­рі мен бір-бі­рі­нің ара-қа­шық­тық­та­ры­на қа­рай өзін­дік тар­ты­лыс күш­те­рі бар. Тар­ты­лыс кү­шін­де­гі бұл есеп, кез­дей­соқ­тық­тың емес, ар­найы бір Ұлы құ­ді­рет­тің жа­рат­қа­нын мең­зейді.

0 пікір