Эволюционерлер табылған сүйектің бір бөлігі арқылы белгілі бір жан иесінің суретін яки макетін өз мақсаттарына орайластырып ғылыми негізсіз қияли жобалау арқылы халықты өздеріне сендіруді көздеген. Газеттердегі, журнал, кітаптардағы дарвинизмді дәлелдеуге қолданған көптеген суреттер мен макеттер, міне, осындай сурет, макеттер.
Эволюционерлердің бұл тұрғыда шектен шыққандары соншалық, «Zinjanthropus» деп аталатын адамның бас сүйегін негізге алып бір-біріне мүлде ұқсамайтын үш түрлі қияли сурет салған.