Тағ­дыр­да­ғы әділ­дік
Тағ­дыр­да­ғы әділ­дік
10 жыл бұрын 2897
Қайрат Жолдыбайұлы

Мұ­са (алей­һис­сә­лам) бір кү­ні «Уа, Раб­бым, ма­ған әділ­ді­гің­ді көр­сет­ші» деп өті­ніш жа­са­ған екен. Алла Та­ға­ла Мұ­са алей­һис­сә­лам­ға: «Бұ­лақ­қа маңына барып, онда болып жат­қан бар­лық оқи­ға­лар­ды қа­да­ға­лап, ба­қы­ла», - деп уахи ете­ді. Му­са (алей­һис­сә­лам) Раб­бы­сы­ның айт­қа­нын бұл­жыт­пай орын­дап бұ­лақ­тың маңына барып таса­ла­нып қа­ла­ды.

Бұ­лақ­тың ба­сы­на бір ат­ты адам ке­ліп атын суа­рып жа­тып, қал­та­сын­да­ғы ал­ты­нын тү­сі­ріп ала­ды. Ал­ты­ны­ның тү­сіп қал­ға­ны­нан бей­ха­бар бұл адам ар­ты­на қа­ра­ма­стан жө­ні­не ке­те ба­ра­ды. Ол ке­те са­лы­сы­мен, бір кіш­ке­не ба­ла бұ­лақ­тың ба­сын­да жат­қан ал­тын­ды кө­ре сала дереу алады да қой­ны­на тық­қан күй­де қа­ша жө­не­ле­ді. Ба­ла ке­те са­лы­сы­мен, бұ­лақ­тың ба­сы­на бір со­қыр адам ке­ле­ді. Осы ме­зет­те әл­гі ал­ты­нын тү­сі­ріп ал­ған ат­ты адам жоғын із­деп қай­та ке­ліп қа­ла­ды. Ат­ты адам со­қыр адам­ға: «Ал­ты­ным­ды қай­тар, се­нен бас­қа бұл жер­ге еш­кім кел­ген жоқ, ал­тын­ды сен ал­дың», – деп жа­ға­сы­на жа­бы­са­ды. Со­қыр адам: «Мен ал­ған жоқ­пын», - деп қан­ша ақтал­са да, ат­ты адам сен­бейді. Сөй­тіп, ат­ты адам со­қыр адам­ды сол жер­де мерт ете­ді. Мұ­са алай­һис­сә­лам бір қа­ра­ған­да зұ­лым­дық сияқ­ты кө­рін­ген бұл оқи­ға­лар­дың мән-ма­ғы­на­сын Алла Та­ға­ла­дан сұ­райды. Сонда Алла Тағала:  «Ат­ты адам бұ­рын ба­ла­ның әкесі­нің ал­ты­нын ұр­ла­ған еді. Біз сол ал­тын­ды ба­ла­ға мұ­ра­гер етіп қай­тар­дық. Ал анау со­қыр адам баяғы­да ат­ты адам­ның әке­сін өл­тір­ген еді. Ен­ді, мі­не, ат­ты адам­ға со­қыр­дан әке­сі­нің өшін әпер­дік».

0 пікір