Ры­зық
Ры­зық
10 жыл бұрын 3405
Қайрат Жолдыбайұлы

Ры­зық сөз­дік­те: «Азық, жей­тін, іше­тін, жал­пы пай­да­ла­на­тын нәр­се» де­ген ма­ғы­на­лар­ды біл­дір­се, ша­ри­ғат­тық тер­мин­де: Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның жан иеле­рі­не жеп-ішу, пай­да­ла­ну үшін бер­ген не­сі­бе­ге ай­ты­ла­ды.

Бар­лық жан иеле­рі­нің ры­зы­ғын бе­ру­ші тек қа­на Алла Та­ға­ла. Құ­ран­да:

﴿وَمَا مِن دَآبَّةٍ فِي الأَرْضِ إِلاَّ عَلَى اللّهِ رِزْقُهاَ...﴾ , ﴿يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن يَشَاءُ وَيَقْدِرُ...﴾

«Жер­ басып жү­ре­тін бар­лық жан иеле­рі­нің ры­зы­ғын бе­ру тек қа­на Алла Та­ға­ла­ға тән».[1]

«...Қа­ла­ға­н жан иесінің ры­зы­ғын ке­ңей­тіп, қа­ла­ға­нікін та­рыл­та­ды»[2] - деп бар­лық жан иеле­рі­нің мол, ­яки аз етіп рызығын бе­ру­ші шек­сіз құ­ді­рет иесі тек Алла Та­ға­ла еке­нін біл­ді­ре­ді.

Біз қо­лы­мыз­дан кел­ген­ше ең­бек етіп, ры­зық та­бу үшін Алла та­ра­пы­нан қой­ыл­ған бар­лық заң­дар мен себеп­тер­ді орын­дай­мыз. Со­сын, Алланың нә­сіп ет­кен аз­ды-көп­ті тағ­ды­ры­мыз­ға жа­зыл­ған ры­зы­ғы­мызға қол жеткіземіз.

Адал ры­зық­тың се­беп­те­рін орын­да­ған адам­ға – адал, ал ха­рам ры­зық­тың се­беп­те­рін орын­да­ған­ға – ха­рам ры­зық бе­рі­ле­ді. Адал ры­зық тап­қан құл сау­ап­қа ке­нел­се, ха­рам­мен қо­рек­тен­ген құл кү­нә­ға бел­ше­сі­нен ба­та­ды.

Ең­бек етіп, тер төк­пей жа­тып тағ­дыр­ды сылтау ету дұ­рыс емес. Алла құл­да­ры­ның кей­бі­реуле­рі­не ры­зық-нә­сі­бе­сін көп етіп бер­се, ен­ді бі­реуле­рі­не аз бе­ре­ді. Бір адам­ның бай бо­луы – Алланың ол құ­лын жақ­сы кө­ре­тін­ді­гі­нің не­ме­се ке­дей бо­луы – жек кө­ре­тін­ді­гі­нің бел­гі­сі емес. Оның бер­ген бай­лы­ғы да, ке­дей­лі­гі де құл­да­ры­на бе­ріл­ген сын.

Ең­бек ет­кен еш­бір құ­лын Алла Та­ға­ла аш қал­дыр­май­ды. Бұл дү­ниеде әр­кім өзі­не та­ғай­ын­дал­ған ры­зы­ғын жей­ді. Еш­кім еш­кім­нің ры­зы­ғы­на ау­зын са­ла ал­масы анық.

[1] Һуд сү­ре­сі/6.

[2] Шу­ра сү­ре­сі/12.

0 пікір