Ажал
Ажал
10 жыл бұрын 3921
Қайрат Жолдыбайұлы

Ажал сө­зі – «уа­қыт, ме­зет» жә­не «ал­дын-ала бел­гі­лен­ген уа­қыт» де­ген ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді. Ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­де – адам ба­ла­сы жә­не бас­қа жан иеле­рі үшін бел­гі­лен­ген өмір­дің бі­туіне, яғ­ни, өлім уақы­ты­на ай­ты­ла­ды.

Әр­бір адам­ның өзін­дік ажа­лы бар. Алла Та­ға­ла әр­бір адам­ға бел­гі­лі бір уа­қыт­қа дейін өмір сый­ла­ған. Ажал деп осы бел­гі­лен­ген уа­қыт­тың бітуін ай­та­мыз. Құ­ран­да:

﴿نَحْنُ قَدَّرْنَا بَيْنَكُمُ الْمَوْتَ...

«Ара­ла­рың­да өлім­ді біз бел­гі­леп, та­ғай­ын­да­дық...»[1]– де­лі­не­ді.

Әр пен­де Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз та­ра­пы­нан ал­дын ала та­ғай­ын­да­лып, бел­гі­лен­ген ажа­лы­нан бір ме­зет бұ­рын ­яки кейін қал­май, дәл уақы­тын­да өлім­мен қауыша­ды. «Му­на­фи­қун» сү­ре­сін­де бы­лай де­лі­не­ді:

﴿وَلَنيُؤَخِّرَ اللَّهُ نَفْساً إِذَا جَاء أَجَلُهَا

«Ажа­лы ке­ліп жет­кен еш­бір адам­ды Алла Та­ға­ла (ажа­лы­нан) мүлде ке­шік­тір­мей­ді»[2]

Ажал­дың уақы­ты еш­бір се­беп­пен өз­гер­мейді. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың «Туыс­қан­дар­мен жақ­сы қа­рым-қа­ты­нас­та бо­лу – өмір­ді ұзар­та­ды» ма­ғы­на­сын­да­ғы ха­ди­сі­не Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры екі түр­лі тү­сі­нік бе­ре­ді.

  1. Ғұ­мы­ры мол сауап, қай­ыр­лы амал­дар­мен бе­ре­кет­те­ніп, аз уа­қыт­та бей­не бір көп уа­қыт өмір сүр­ген­дей бо­ла­ды.

2. Алла Та­ға­ла мұн­дай құл­да­ры­ның жақ­сы­лық жа­сай­ты­нын ал­дын ала әза­ли ілі­мі­мен біл­ген­ді­гі үшін ол құ­лы­ның өмі­рін әу бас­та ұзақ етіп тағ­ды­ры­на жаз­ған.

 

Сұ­рақ:

Әр­бір адам­ның ажа­лы ал­дын-ала тағ­ды­рын­да бел­гі­лен­ген. Ал ен­ді осы ажа­лы жет­кен адам­ды өл­тір­ген­нің кү­нә­сі не? Бә­рі­бір сол уа­қыт­та өле­тін еді ғой.

Тағ­дыр се­беп пен оның нә­ти­же­сі­не бір­тұ­тас қа­рай­ды. Яғ­ни, Алланың әзә­ли ілі­мін­де әр адам­ның ажа­лы мен ажа­лы­на се­беп бо­лар іс-қи­мыл­дың қай уа­қыт­та, қай жер­де жү­зе­ге аса­ты­ны ал­дын ала бел­гі­лі бол­ған­дық­тан тағ­дыр­ға со­лай жа­зыл­ған. Өл­ген адам­ның өлім уақы­ты ға­на емес, оны­мен бір­ге оның өлі­мі­не се­беп бо­ла­тын іс-әре­кет те ал­дын ала бі­лін­ген­дік­тен, се­беп-нә­ти­же тағ­дыр­ға бір­ге жа­зыл­ған. Өл­ген адам­ды ол адам өл­тір­ме­ген­де, оның өлі­мі не­мен жү­зе­ге аса­ты­ны біз­ге бей­мә­лім. Мы­са­лы, жол апа­ты­нан бол­ды дейік. Он­да оның тағ­ды­ры­на ажа­лы «жол апа­ты­нан бо­ла­ды», деп жа­зы­лар еді.

Демек, оны өл­тір­ген адам өз қа­лауы­мен өл­тір­ген­дік­тен ақы­рет­те жауап­қа тар­ты­ла­ды.

[1] Уақи­ға сү­ре­сі/60.

[2] Му­на­фи­қун/11.

0 пікір