Пе­ріш­те­лер­дің ерек­ше­лік­те­рі
Пе­ріш­те­лер­дің ерек­ше­лік­те­рі
10 жыл бұрын 3456
Қайрат Жолдыбайұлы

Пе­ріш­те­лер – нұр­дан жа­ра­тыл­ған ру­ха­ни бол­мыс. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ха­ди­сін­де: «Пе­ріш­те­лер нұр­дан жара­тыл­ған...»[1] – де­лі­нген.

Пе­ріш­те­лер адам­нан бұ­рын жа­ра­тыл­ған. Олар­дың өзде­рі­не тән де­не­ле­рі бар. Олар адам­дар се­кіл­ді ішіп-жеуге, ұр­пақ көбейтіп, кө­беюге, шар­шап-шал­ды­ғып, ұйық­тауға мұқ­таж емес. Жы­ныс­қа бө­лін­бейді. Қыз­ға­ну, ашу­ла­ну, рен­жу, тә­кап­пар­ла­ну сияқ­ты жа­ман си­пат­тар олар­дың пәк дү­ниесі­нен ау­лақ. Олар үне­мі Ұлы Жа­ра­ту­шы­ла­ры­на ғи­ба­дат жа­сай­ды. Ғи­ба­дат – олар­дың қо­ре­гі. Олар Алланың бұй­рық­та­рын бү­ге-ші­ге­сі­не дейін бұл­жыт­пай, ай­на-қа­те­сіз орын­дай­ды. Олар еш­қа­шан кү­нә­нің кі­ші­сін де, үл­ке­нін де жа­са­май­ды. Бар­лық кү­нә атау­лы­дан қор­ғал­ған. Құ­ран­да:

﴿... وَمَنْ عِندَهُ لَا يَسْتَكْبِرُونَعَنْ عِبَادَتِهِ وَلَا يَسْتَحْسِرُونَ * يُسَبِّحُونَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَلَا يَفْتُرُونَ﴾

«Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасаудан бас тартып, паңданбайды және құлшылық жасаудан шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп) тәсбих етеді».[2]

﴿...لَا يَعْصُونَ اللَّهَ مَا أَمَرَهُمْ وَيَفْعَلُونَ مَا يُؤْمَرُونَ﴾

«Періштелер Алланың бұй­ыр­ған нәр­се­ле­рі­не қар­сы шық­пай­ды жә­не не бұйы­рыл­са со­ны қалт­қы­сыз орын­дай­ды»,[3] – де­лі­не­ді.

Пе­ріш­те­лер Алланың рұқ­са­ты­мен әр түр­лі бей­не-пі­шін­ге кі­ре ала­ды. Пе­ріш­те­лер пай­ғам­бар­лар­ға не­гіз­гі бей­не­ле­рі­мен жә­не бас­қа да бей­не­ле­рі­мен кө­рін­ген. Мыса­лы, Же­бі­рейіл пе­ріш­те Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға жә­не жанын­да­ғы са­ха­ба­лар­ға жо­лаушы кей­пін­де­гі адам бейнесін­де кө­рін­ген.[4] Иб­ра­һим­ге қар­тай­ған ша­ғын­да Алла та­ра­пы­нан сә­би бе­рі­ле­ті­нін сүйін­ші­леп кел­ген пе­ріш­те­лер де адам бей­не­сін­де кел­ген­дік­тен, Иб­ра­һим (а.с.) олар­ды қо­нақ ет­пек бо­лып ар­найы та­мақ дай­ын­да­та­ды. Бі­рақ олар­дың та­мақ же­мей отырғандарын көр­ген уа­қыт­та жү­ре­гі­не үрей ұялайды. Кейін­нен ба­рып олар­дың сөзде­рі­нен пе­ріш­те еке­нін аң­ға­ра­ды[5].

Алла Та­ға­ла пе­ріш­те­лер­ге адам­ның қо­лы­нан кел­мей­тін қа­бі­лет­тер мен мүм­кін­ші­лік­тер бер­ген. Олар аз ға­на бір ме­зет­тің ішін­де ұзақ жер­лер­ге жыл­дам ба­рып ке­ле ала­ды. Тау­дай ауыр жүк­тер­ді кө­те­ре­тін­дей күш-қуат­қа ие.

Құ­ран­да жә­не пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ха­дис­те­рін­де періш­те­лер­дің қа­нат­та­ры жай­лы әң­гі­ме қоз­ға­ла­ды. Бі­рақ олар­дың қа­нат­та­ры­ның қан­дай қа­нат еке­ні біз­ге бей­мә­лім. Пе­ріш­те­лер­дің жа­ра­ты­лы­сы мы­на дү­ниеде­гі жа­ра­ты­лыс­тар­ға ұқ­са­ма­ған­дық­тан олар­дың қа­на­тын дәл­ме-дәл құс­тар­ді­кі­не, ­яки бас­қа нәр­се­лер­ге ұқ­сай­ды деп ай­та ал­май­мыз.

[1] Мус­лим, Ки­та­буз-зуһд/2996

[2] Әнбия сү­ре­сі/19-20.

[3] Тах­рим сү­ре­сі/6.

[4] Мус­лим, Иман.

[5] Һуд сү­ре­сі/69-70.

0 пікір