Оның (с.а.у.) нұр­лы жү­зі – пай­ғам­бар­лы­ғы­на дә­лел
Оның (с.а.у.) нұр­лы жү­зі – пай­ғам­бар­лы­ғы­на дә­лел
10 жыл бұрын 5069
Қайрат Жолдыбайұлы

Кез кел­ген жан­ның бет-әл­пе­ті – та­ни ала­тын адам үшін иесі жай­лы мағ­лұ­мат бе­ре­тін кі­тап тә­різ­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) нұр­лы жү­зін­де тек ту­ра­лық кө­рі­не­тін. Мұ­ны бай­қа­ған яһу­ди ға­лым­да­ры­нан Аб­дул­лаһ ибн Сә­лам Пай­ғам­ба­ры­мыз­ды бір көр­ген­нен: «Мы­на жүз­де еш жал­ған­дық жоқ» деп де­реу иман келтір­се, Аб­дул­лаһ ибн Рәууаха бы­лай дей­ді: «Егер Оның (с.а.у.) пай­ғам­бар­лы­ғын қуат­тай­тын ай­қын мұғ­жи­за­лар бол­ма­ған жағ­дай­да Оның нұр­лы жү­зінің өзі – көр­ген адам­ның иман келтіруіне жет­кі­лік­ті еді» дей­ді.

Егер Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың пай­ғам­бар­лы­ғы­на дейін, я бол­ма­са пай­ғам­бар­лы­ғы­нан кейін сө­зін­де не­ме­се іс-әреке­тін­де тит­тей де жал­ған­дық, көзбояушы­лық бол­са, дос-дұш­пан та­ра­пы­нан се­зі­ліп, бай­қа­ла­тын еді. Сөй­тіп, тыр­нақ ас­ты­нан кір із­дей­тін дұш­пан­дар қы­лыш, най­за­ға жү­гін­бес­тен тап­қан ол­жа­ла­рын әлем­ге жа­рия ету ар­қы­лы күн сай­ын үдеп ба­ра жат­қан жа­ңа дін­ге тосқауыл қояр еді ғой. Алай­да, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) өмі­рі­нен еш­бір қа­те, еш­бір көзбояушы­лық та­ба ал­май дің­ке­ле­ген дін дұш­пан­да­ры амал­сыз жа­ңа дін­ге қы­лыш, най­за­мен тосқауыл қоюға ты­рыс­ты.

  • Көз бояушы, өті­рік­ші, ала­яқ адам­ның се­нім­ді сері­гі, бар мүм­кін­ші­лі­гін жо­лын­да пи­да ете ала­тын жо­ра-жол­да­сы­ның бо­луы мүм­кін емес. Ал ен­ді бір ме­зет Пай­ғам­бы­ры­мыз­дың (с.а.у.) ай­на­ла­сы­на шо­ғыр­лан­ған нұр жүз­ді сан­сыз са­ха­ба­лар­ға, кейін­гі ға­сыр­лар­да өмір сү­ре кел­ген әу­лие, ға­лым­дар­ға, жал­пы Оның ді­ні­мен нұр­лан­ған қия­мет­ке дейін ке­ліп-ке­тер адам­зат­қа қа­ра­ңыз­шы. Олар Ол (с.а.у.) үшін мал-мү­лік дү­ниеле­рі емес, ке­рек бол­са, жан­да­рын да пи­да ету­ге әзір. Олар Оның (с.а.у.) есі­мі атал­ған­да, Оған (с.а.у.) са­лауат ай­тып, сә­лем жолдау­ды өз­де­рі­не бо­рыш са­най­ды.

Әз са­ха­ба­лар­дың өмі­рі­нен бір-екі үзін­ді кел­ті­ріп, Оның (с.а.у.) қан­ша­лық­ты қа­дір-құр­мет­ке, ма­хаб­бат пен сүйіс­пен­ші­лік­ке ие бол­ға­нын баян­дап кө­ре­лік.

Ал­ғаш­қы кез­де мұ­сыл­ман­дар құл­шы­лық­та­рын ер­кін орындау үшін ха­зі­ре­ті Әр­кәм­нің үйіне құ­пия жи­на­ла­тын. Оның үйі кі­ріп-шы­ғу­ға қо­лай­лы, көз­ден та­са, әрі сырт­тан кел­ген-кет­кен­дер­ді ба­қы­лауға оң­тай­лы еді. Күн­дер­дің бі­рін­де осы үй­ге жи­нал­ған са­ха­ба­лар Алланың бір­ екенді­гін мүш­рік­тер­ге ашық түр­де жа­рия ету үшін Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) рұқ­сат сұ­рай­ды. Ара­ла­рын­да Әбу Бә­кір де бар бо­ла­тын. Алай­да, пай­ғам­ба­ры­мыз оның уақы­ты әлі кел­ме­ген­ді­гін, бұл үшін әлі мұ­сыл­ман­дар­дың аз екен­ді­гін ай­тып ал­ға­шын­да рұқ­сат бер­ме­ген-ді, бі­рақ Әбу Бәкір­дің та­бан­ды­лық та­ны­туынан кейін олар­дың айт­қан­да­ры­на кө­не­ді. Бар­лы­ғы жұп­та­рын жаз­бай Қағ­ба­ға ба­ра­ды. Әбу Бә­кір мүш­рік­тер­ге қа­рап:

– Хақ һәм жал­ғыз Аллаға ма­дақ! Мәң­гі ба­қыт – Аллаға иман келтіру­де. Оны мой­ын­да­май пұт­қа та­бы­ну – өте жа­ман әдет. Ма­ғы­на­сы жоқ жа­һи­лия әдет­те­рін тас­тап, Алла Ел­ші­сі­нің ша­қы­ру­ына мой­ын­сұ­ны­ңыз­дар!– де­ді.

Мүш­рік­тер ал­ға­шын­да тол­қы­са да, тез ара­да ес­те­рін жи­нап, мұ­сыл­ман­дар­ға қар­сы шы­ға­ды. Әбу Бә­кір­ді жер­ге жат­қы­зып алып, қол­да­ры­на түс­кен нәр­се­мен ұрып-соға бас­та­ды. Қа­ны­пе­зер мүш­рік Ұт­ба ибн Рә­би­ға та­ба­нын­да ше­ге­сі бар аяқ киімі­мен теп­кі­леп оның нә­зік бе­тін қан-жо­са қы­ла­ды. Сол ара­да Әбу Бә­кір­дің туыс­та­ры көмек­ке ке­ліп оны өлім аузы­нан әзер алып қал­ды.

Өлім­ші хал­де есін жи­ған Әбу Бә­кір­дің ең ал­ғаш­қы сұ­ра­ғы: «Алла Елшісінен ха­бар бар ма?» бол­ды. Ол есі кіре­сі­лі-шы­ға­сы­лы жат­қа­нын еле­мей, Пай­ғам­ба­ры­мыз­ды (с.а.у.) уай­ым­дап: «Оған не бол­ды?» – деп сұ­раумен бол­ды. Ана­сы­ның: «Ба­лам бір нәр­се ішіп-жей­сің бе?» – деген сұ­ра­ғы­на: «Алланың Ел­ші­сі қай­да? Оның жағ­дайы не­шік?» – деп бә­рі­бір кө­ңі­лі жай тап­па­ды. Ана­сы еш нәр­се біл­мейті­нін айт­қан кез­де, ол: «Ана­шым, Хат­таб­тың қы­зы Үм­мү Жа­мил­ге ба­рып, Хақ елшісінің жағ­дайының қан­дай еке­нін сұ­ра­ты­ңыз­шы» – де­ді. Пайғамбарымыздың жағ­дайының жақ­сы екен­ді­гін ай­тып келген ха­бар­ға да кө­ңі­лі тол­май, Оның (с.а.у.) халін өз көзімен көр­гі­сі ке­ліп та­ға­ты тау­сыл­ды. Айна­ла бі­раз тыныш­тал­ған­нан кейін қа­сын­да­ғы­лар Әбу Бә­кір­ді қол­тық­тап Әр­кәм­нің үйіне алып ба­ра­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­ды (с.а.у.) өз кө­зі­мен көр­ген кез­де: «Әке-ше­шем се­нің жолың­да құр­бан бол­сын, ей, Расулаллаһ!» – деп жы­лай бас­та­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) оны құ­шақ­та­ды. Оның бұл ха­лі Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) қат­ты әсер етіп, көз­де­рі­нен мөл­дір жас мон­шақ­тай тө­гіл­ді[1].

Мұ­сыл­ман қауым­ның ал­ғаш­қы азан­шы­сы ха­зі­ре­ті Бі­ләл­дің пай­ғам­бар­лар сә­ру­ары – ха­зі­ре­ті Мұхаммед­ке (с.а.у.) де­ген сүйіс­пен­ші­лі­гін тіл­мен ай­тып жет­кі­зу мүм­кін емес. Ис­лам­ды қа­был­да­ған­нан кейін бір сәт бол­сын қа­сы­нан ажы­ра­ма­ды.

Екі дү­ниенің сұл­та­ны Мұхаммед (с.а.у.) ақы­рет­ке аттан­ған­да, көп­те­ген са­ха­ба­лар сияқ­ты қа­быр­ға­сы қай­ыса қай­ғыр­ған ол Мә­ди­на­да қа­ла ал­ма­ды. Алла Ел­ші­сі­нің ке­туі оған жа­рық күн­нің сө­нуімен ба­ра-бар кел­ді. Өйтке­ні Мә­ди­на­ның әр та­сы мен то­пы­ра­ғы оның есі­не Алла Елші­сін тү­сі­ре­тін. Бі­ләл сол тұс­та­ғы ха­ли­фа ха­зі­ре­ті Әбу Бә­кір­ден бас­қа жақ­қа ке­ту­ге рұқ­сат сұ­ра­ды. Әбу Бә­кір­ге ба­рып:

– Ей, Алла Ел­ші­сі­нің ха­ли­фа­сы! Мен Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың: «мү­мин­нің ең қай­ыр­лы ісі – Алла жо­лын­да­ күресу» – де­ге­нін ес­ті­ген едім. Мен де өл­ген­ге дейін Алла жо­лын­да жа­ным­ды пи­да ет­кім ке­ле­ді,– де­ді. Әбу Бә­кір:

– О, Бі­ләл! Біз­ге кім азан ша­қы­ра­ды?– де­ген­де екі көз­ге ерік бер­ген ха­зі­ре­ті Бі­ләл:

– Мен Алла Ел­ші­сі­нен кейін еш­кім­ге азан ша­қы­ра ал­май­мын, – де­ді.

Бі­ләл­дің алыс­қа кет­ке­нін қа­ла­май, қан­ша жі­бер­меуге ты­рыс­са да Ха­зі­ре­ті Бі­ләл:

– Уа, Әбу Бә­кір, рас сен ме­ні құл­дық­тан құт­қар­дың. Егер ме­ні өзің үшін азат ет­кен бол­саң, он­да алып қал. Ал, егер Ал­ланың ри­за­лы­ғын көз­деп, са­тып ал­ған болсаң, ер­кі­ме жі­бер, – де­ді.

Ха­зі­ре­ті Әбу Бә­кір рұқ­сат бер­ген соң ха­зі­ре­ті Бі­ләл Ха­ба­ши Шам­ға ба­рып, Ис­лам туын биік­те жел­бі­ре­ту­ге жі­ге­рін сал­ды.

Шам­да жүр­ген ке­зін­де бір түс кө­ріп, Мә­ди­на­ға кел­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың қа­бі­рі­нің қа­сын­да ха­зі­ре­ті Ха­сан мен Хұ­сей­нді кез­дес­ті­ріп, Алланың Сүйік­ті Ел­ші­сі­мен (с.а.у.) бір­ге өт­кіз­ген тәт­ті күн­дер­ді ес­ке ал­ды. Әлем­дер­дің Па­ди­ша­сы (с.а.у.) дү­ниеден оз­ған­нан соң, Мә­ди­на­да азан ша­қыр­ма­ған еді. Ға­лам­ның ра­қым нұ­ры (с.а.у.) ақы­рет­тік бол­ған­нан кейін азан ша­қы­ру­ға та­ға­ты да жет­пе­ді. Өйтке­ні, азан­да­ғы «Әшһә­ду ән­нә Му­хам­ма­дан Ра­су­лул­лаһ» (Мұхаммед­тің Алла Ел­ші­сі екен­ді­гі­не куә­лік ете­мін) де­ген сөй­лем­ді ай­та ал­май ір­кі­ліп қа­ла­тын. Даусы шық­пай көз жа­сы­на бу­лы­ғып, аяқ­та­ры­ның буыны бо­сап ке­тетін.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың «ме­нің дү­ниеде иіс­ке­ген екі рай­ха­ным» де­ген не­ме­ре­ле­рі Ха­сан мен Хү­сәйін­нің өті­ні­ші­нен кейін, соң­ғы рет Мә­ди­на­да азан ша­қы­ру­ға бел бу­ды. Кө­зін көк­ке қа­дап тұ­рып, бү­кіл жан дү­ниесі­мен азан ша­қыр­ды. Бү­кіл Мә­ди­на­да Алла Ел­ші­сі­не (с.а.у.) де­ген са­ғы­ныш жаң­ғыр­ды. Ел те­гіс кө­ше­ге шық­ты. Алла Ра­су­лі­нің нұр­лы өмі­рін көз ал­да­ры­на елес­те­тіп, Пай­ғам­ба­ры­мыз қай­та ті­рі­ліп ке­ліп, Бі­ләл­ге азан ша­қы­рт­қан­дай әсерде бол­ды. Сол кү­ні кө­зі­не жас алып иығы сел­кіл­де­ме­ген ті­рі жан қал­ма­ды.[2]

Айна­ла­сын­да­ғы заң­ғар тұл­ға­лар­дың Оған де­ген мұнша­лық те­рең сүйіс­пен­ші­лі­гі мен ма­хаб­ба­ты – Оның көз бояушы­лы­ғы­ның емес, тек шынайы пай­ғам­бар­лы­ғы­ның дәлелі бол­са ке­рек.

  • Әр­бір нәр­се­нің шы­най­ысы мен ал­дам­шы­сы, табиғиы мен жа­сан­ды­сы еш­қа­шан бір­дей бол­ма­сы анық. Сауат­сыз адам ға­лым­ның рө­лін, қа­ра­пай­ым адам мем­ле­кет бас­шы­сы­ның рө­лін, мін­де­тін қан­ша уа­қыт­қа дейін еш­кім­ге біл­дірт­пес­тен, сез­дір­мес­тен жүр­гі­зе ала­ды? Бәл­кім, сауат­сыз адам­ның ал­ғаш­қы жү­ріс-тұ­ры­сы ай­на­ла­сын­да­ғы­лар­ға кү­мән ту­дыр­са, қа­ра­пай­ым адам­ның бас­қа мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­мен бір-екі кез­де­суінен кейін-ақ жал­ған­ды­ғы су бе­ті­не қал­қып шық­қан май­дай жа­рия бола­ды. Ал ен­ді оқу-жа­зу біл­мей­тін бір адам­ның пай­ғам­бар­лық сияқ­ты ға­лым­дық­тан да, мем­ле­кет бас­шы­лы­ғы­нан да ауыр бір рөл­ді, мін­дет­ті жиыр­ма үш жыл бойы айна­ла­сын­да­ғы өте зе­рек те ақыл­ды адам­дар­ға еш біл­дірт­пес­тен ой­науы, жүр­гі­зуі мүм­кін бе? Тіп­ті, жиыр­ма үш жыл емес, қия­мет­ке дейін ке­ліп-ке­тер сан­сыз ке­мең­гер, ой­шыл­дар­ға, ға­лым­дар мен әулие­лер­ге, жал­пы адам­зат­қа өзінің жал­ған­ды­ғын еш сез­дір­мес­тен жалғастыра бе­руі мүм­кін бе? Әри­не, жоқ. Олай бол­са Ол (с.а.у.) – шы­найы пайғам­бар­дың дәл өзі.

Та­рих­та ере­же-қа­ғи­да қой­ып, жа­ңа жүйе құр­ған көп­те­ген тұл­ға­лар бар. Олар­дың кө­бі өз­де­рі қой­ған ере­же­лер­ді бас­қа­лар­ға үл­гі бо­лар­лық­тай дә­ре­же­де іс жү­зін­де ат­қар­ма­ған­дық­тан, адам­дар та­ра­пы­нан шынайы жа­на­шыр, еш­бір қолдау тап­па­ға­нын кө­ре­міз. Ал ен­ді пай­ғам­ба­ры­мыз­дың «На­маз оқың­дар!» – деп адам­дар­ды на­маз­ға ша­қы­рып, ере­же қой­ған­нан кейін­гі Оның оқы­ған на­ма­зы­на қа­ра­ңыз­дар­шы. Бес уа­қыт на­маз­ды жа­ма­ғат­пен, жы­лап тұ­рып оқуы бы­лай тұр­ған­да, түн жа­рым­да тұ­рып «тә­һәж­жуд» на­ма­зын егі­ле жы­лап, аяқ­та­ры та­лып-ісі­ген­ше оқи­тын. «Уа, Расулаллаһ, өзің­ді не­ге мұн­ша қи­най­сың?» – де­ген Айша ана­мыз­дың сұ­ра­ғы­на: «Аллаға шү­кір ет­кен құл бол­май­ын ба?» – деп жауап қат­қан Алла Ел­ші­сі­нің на­ма­зы­нан қан­дай жал­ған­дық кө­ру­ге бо­ла­ды? «Зе­кет бе­рің­дер!» деп ере­же қой­ған Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың қо­лы­на ти­ген мал-мү­лік­тің бі­рін де қал­дыр­май мұқ­таж­дар­ға бө­ліп бе­руінен нен­дей көзбояушы­лық бай­қауға бола­ды? «Ха­рам­дар­дан ау­лақ бо­лың­дар!» – деп ес­кер­тіп түн­де тө­се­гі­нен тауып ал­ған құр­ма­ны аш бол­ған­дық­тан бай­қа­май жеп қой­ып, са­да­қа­дан* кел­ген құр­ма бо­луы мүм­кін де­ген кү­дік­пен тү­ні бойы дөң­бек­шіп, ұйық­тай ал­май шық­қан Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ха­рам­ға де­ген іс-әре­ке­ті­нен қан­дай жал­ған­дық, нен­дей көз бояушы­лық кө­ру­ге бо­ла­ды?

[1] әл-Би­дая, 3:30

[2] Алау Әділ­баев, Саң­лақ са­ха­ба­лар, 175-бет. Дәуір бас­па­сы, Ал­ма­ты, 2004 ж.

* Са­да­қа­ны жеу, ­яки қол­да­ну Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға ха­рам етіл­ген.

0 пікір