Кеселден қорғаушы
Кеселден қорғаушы
10 жыл бұрын 2181
Қайрат Жолдыбайұлы

Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдеді:

1.   Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;

2.   Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншығының қатерлі ісікке шалдығу қаупі 6 есе жоғары;

3.   Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде 8 есе жоғары; Зерттеуші ғалымдар бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың небәрі 10 немесе 30 пайызы сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда 6-ақ пайыздан аспаған. Австриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар «СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дәлелдеді. Өйткені СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүреді екен.     

4.   Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда;

5.   Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилококк (іріңді микроб), гонорей (жыныстың жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршіктер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл ойнайды.  

6.   Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.

* * *

  • Имам Мус­лим «Са­хи­хын­да­ғы» ха­дис­ке көз жү­гі­рт­сек: طَهُورُ إِنَاءِ أَحَدِكُمْ إِذَا وَلَغَ فِيهِ الْكَلْبُ أَنْ يَغْسِلَهُ سَبْعَ مَرَّاتٍ أُولَاهُنَّ بِالتُّرَابِ «Ит жа­ла­ған ыдыс­та­рың­ды та­за­лау үшін әуелі оны то­пы­рақ­пен, со­дан соң су­мен ал­ты рет жуула­рың қа­жет!» – де­лін­ген.

Ол дәуір­де бү­гін кей­бір зат­тар­ды та­за­лау үшін қол­да­ны­ла­тын нәр­се­лер бол­ған жоқ. Де­зин­фек­ция ор­ны­на Алла Ел­ші­сі (с.а.у.) то­пы­рақ­ты пай­да­лан­дыр­ды. Кейін­гі ғы­лы­ми ең­бек­тер нә­ти­же­сін­де то­пы­рақ­тың су се­кіл­ді қыз­мет ат­қар­ға­ны бел­гі­лі бол­ды. Мұ­ны­мен қа­тар то­пы­рақ тет­ра­лит пен тет­ра­цик­лин се­кіл­ді зат­тар­ды да қам­ты­ған. Осы зат­тар кей­бір мик­роб­тар­ды өл­ті­ріп де­зин­фек­циялау үшін пай­да­ла­ныл­ған. Пай­ғам­бар то­пы­рақ­пен жууды ес­ке­рт­кен­де ыдыс­тың ал­ды­мен сте­ри­ли­за­цияла­ну­ын әмір ет­кен.

Сон­дай-ақ ха­дис ша­риф­те мы­на мә­се­ле­лер­ге на­зар ауда­рыл­ған. Ит­те бо­луы ық­ти­мал кей­бір ауру­лар адам де­не­сін­де де өмір сү­ре ала­ды. Бұл – жа­ңа та­қы­рып.

Екін­ші­ден, ит нә­жі­сі адам денсау­лы­ғы­на зиян. Сілекейі де. Бел­гі­лі бір уа­қыт­тан кейін олар­дан жұ­ға­тын ауру­лар­дың ал­дын алу қиын­ға со­ға­тын­дық­тан сте­ри­ли­за­ция өте ма­ңыз­ды.

Үшін­ші­ден, ал­ғаш­қы то­пы­рақ­пен жуу әмі­рі­нің на­зар сал­дыр­ған бас­қа жа­ғы, то­пы­рақ­тың сол сәт­те сте­ри­ли­за­ция қыз­ме­тін ат­қа­руы, бір риуаят бой­ын­ша – ал­ты, бас­қа риуаят бой­ын­ша – же­ті рет жуылуы ке­рек­ті­гі ес­кер­тіл­ді. Айт­қан­дай-ақ, бұл та­қы­рып Гер­ма­ния мен Анг­лияда шық­қан бір­қа­тар жур­нал­дар­да жа­зы­лып, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың баяны­ның шын­ды­ғын рас­та­ған.

Сүйік­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ит­тер мә­се­ле­сі­не өте сақ қа­ра­ған. Тіп­ті, бір кез­де­рі өз ше­ші­мі­мен өл­ті­ру­ге де әмір бер­ген. Бі­рақ, кейін бұл әмі­рін қай­тып алып: «Егер ит­тер өз ал­ды­на же­ке әлем бол­ма­ған­да, өл­ті­ру­ге әмір бере­тін едім,» – дей­ді.

Мұ­ның ма­ғы­на­сы: Егер ит әлем­де­гі адам, хайуан, өсім­дік, жан­сыз зат­тар т.б. се­кіл­ді же­ке өз бас­та­ры­на эко­ло­гиялық те­пе-тең­дік­ке қа­тыс­ты не­гіз­дер­дің бі­рі және жа­ра­ты­лы­сы­ның қа­же­ті бол­ма­ған­да, өл­ті­ру­ге әмір бе­рер едім. Өйтке­ні ит – мик­роб ұясы. Осы тұста бір ескере кететін жайт қазақ итті жеті қазынаның біріне кіргізсе де ешуақытты бүгінгі батыстағы тәрізді үйіне кіргізіп, төріне шығармаған. Итті аң аңлау мен мал  күзету, үйдің қалдық тамақтарын жегізу мақсатында ғана  ұстаған. Ал бұған ислам бойынша рұқсат екені мәлім. 

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың көз­қа­ра­сы – ерек­ше мұғ­жи­за. Қа­зір­гі за­ман­да біз­дің ен­ді-ен­ді еже­леп оқи бас­та­ған та­би­ғат­та­ғы жүйе, эко­ло­гиялық те­пе-тең­дік­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз со­нау күн­дер­дің өзін­де, ит­тер­ді қы­ру­ға бол­май­ты­нын қа­ғи­да етіп ұ­станып заң­дас­тыр­ған. Біз тек қа­на 1400 жыл­дан кейін кит­тер, піл­дер жә­не мүйіз тұм­сық­ты­лар нә­сі­лі­нің жо­ғалмауы қа­жет­ті­гін, олар­дың әлем­де­гі те­пе-тең­дік­ті сақ­тай­ты­нын еже­лей бас­та­дық. Алла Ел­ші­сі сан ға­сыр бұ­рын: «Егер ит­тер өз ал­ды­на же­ке да­ра әлем бол­ма­ған­да» де­ген ке­зін­де тір­ші­лік­ке бай­ла­ныс­ты өте терең жайт­ты қоз­ға­ған.

Ұлы Алла әлем­ді жа­ра­тып, жал­пы те­пе-тең­дік қой­ған: «Ол өл­шеу қой­ды. Өл­шеуде шек­тен шық­паң­дар»[2] аяты да осы жал­пы қа­ғи­да­ны ес­кер­ту­де. Алла Ел­ші­сі тіз­гін­ді тең ұс­тап, те­пе-тең­дік­ті сақ­та­ған. Бір-екі ауыз сөзінің өзін­де біз анық­та­ған бір­не­ше мұғ­жи­за­лық жақ­та­ры бар. Осы сөз­дер ке­ле­шек­те та­лай ақи­қат­тар­дың ша­быт қай­на­ры­на ай­на­ла­тын шы­ғар. Сол за­ман­да бі­реу өмір бойы ойла­нып, тол­ға­нып осы сөз­ді айт­са, ке­мең­гер ата­ну­ына же­тіп артылатын еді. Алай­да, Алла Ел­ші­сі­нің осы­ған ұқ­сас сөз­де­рі қаншама десеңізі.



[1] «Аңсар» журналы.  №5. Б.10, 2007 ж.

[2] Рах­ман сү­ре­сі/7-8.

0 пікір