Адам­зат­тың пай­ғам­бар­ға мұқ­таж­ды­ғы
Адам­зат­тың пай­ғам­бар­ға мұқ­таж­ды­ғы
10 жыл бұрын 5089
Қайрат Жолдыбайұлы

Адам ба­ла­сы – санасы мен ерік-қалауы бар жа­ра­ты­лыс. Қа­ла­ған нәр­се­сін сөй­леп, қала­ған жа­ғы­на ба­ра ала­ды. Жал­ғыз емес, қо­ғам бо­лып өмір сү­ре­ді. Бас­қа­лар­мен үне­мі қа­рым-қа­ты­нас, бай­ла­ныс­та. Бой­ын­да әр түр­лі қа­сиет­тер­дің кө­зі бар. Тас сияқ­ты қатты, мақ­та сияқ­ты жұм­сақ та бо­ла ала­ды. Мейі­рім­ді де, қа­ті­гез де бо­ла ала­ды. Ал бас­қа жа­ра­ты­лыс олай емес. Мы­са­лы, ары­стан әр­қа­шан жырт­қыш, ал қой үне­мі жуас, мо­мын. Ал­ма аға­шын­да өрік, өрік аға­шын­да ал­ма өс­пей­ді. Қар­ға бұл­бұл се­кіл­ді ән са­лып, бұл­бұл қар­ға­дай қар­қыл­дай алмай­ды. Өйтке­ні бар­лы­ғы өз­гер­мей­тін тұ­рақ­ты қа­сиет­тер­ге ие. Ал адам жақ­сы-жа­ман әр түр­лі қа­сиет­тер­ді бой­ын­да жи­най ала­тын­дай кейіп­те жа­ра­тыл­ған. Иман етуі де, ет­пеуі де өз қо­лын­да. Қа­ла­са сауат­сыз, қа­ла­са ға­лым бола ала­ды. Ті­лі­нен ту­ралық та, жал­ған да шы­ғуы мүм­кін. Қо­лын қан­ға был­ғап, қа­ті­гез­дік­те жырт­қыш­тар­ды да арт­қа қал­ды­руы мүм­кін. Дәл осы адам мейі­рім­ді­лік­ті ту етіп, шар­та­рап­қа бей­біт­ші­лік­ті жаюы да ық­ти­мал. Мі­не, адам ба­ла­сы осын­дай түрлі қа­лау мен сан алуан қа­сиет­тер­дің иесі бол­ған­ды­ғы үшін мы­на дү­ниеде ол үшін сы­нақ әрі ана дү­ниеде жән­нат, то­зақ бар. Міне осындай әр түр­лі жол­ға ба­ғыт бұ­руға бейім адам­ үшін ту­ра жол­ды көр­се­те­тін, әлем­нің сы­рын ашып, оның қай­дан пай­да бол­ға­нын, кім­нің жа­рат­қа­нын, жа­ра­ты­луын­да­ғы негізгі мақ­сат-мін­детін тү­сін­ді­ріп, жауабы­на қол жет­кі­зе ал­май­тын не­бір сұ­рақ­тары­на қа­те­сіз жауап бе­ре­тін, әр­бір ісін­де үл­гі бо­ла­тын шам­шы­рақ ке­рек. Ол – Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген пай­ғам­бар­лар еке­ні шү­бә­сіз. Жал­ғыз ға­на ақыл бұ­лар­ды еш қа­те­сіз, кә­міл түр­де ше­шу­ге жет­кі­ліксіз емес. Дін нұ­рын шы­рақ тұт­па­ған не­бір зе­рек ақыл­ды­лар­дың, атақ­ты пәл­са­па­шы­лар­дың жа­ра­ты­лыс­тың сы­рын аша ал­май ор­та жол­да шаң қауып қал­ға­ны не­ме­се қа­те тү­сі­ніп адас­қа­ны, ада­сып ты­ғы­рық­қа ті­рел­ген­де ақы­лы­нан ай­ыры­лып, жын­ды бо­лып кет­ке­ні­не та­рих куә.

Иә, адам­ның бү­гін ту­ра де­ге­ні ер­тең қа­те бо­лып жа­та­ды. Бұ­ған күн сай­ын өз­ге­ріп отыр­ған сан­сыз «изм­дер» дә­лел. Дә­лі­рек айт­сақ, көбіне «ақыл» адам­ды тек бір­жақ­ты ба­ға­лай­ды. Ақыл­дың ой­лап тап­қан «ком­му­низм» се­кіл­ді бас­қа «изм­дер» де адам­ды тек ма­те­ри­ал­дық тұр­ғы­сы­нан әрі осы дү­ниемен шек­теп қа­на қа­рас­ты­ра­ды. Оның рухани жан дү­ниесін жә­не мәң­гі­лік екін­ші дү­ниесін ұмыт қал­ды­ра­ды. Мі­не, дін адам­ды һәм ру­ха­ни, һәм зат­тық, һәм екі дү­ние та­ра­зы­сы­ның ба­сын тең ұс­тап ба­ға­ла­ған­дық­тан, адам дін­ге, дін­ді жет­кі­зе­тін пай­ғам­бар­лар­ға әрдай­ым мұқ­таж. Ді­ні жоқ еш­бір қауым­ның жоқ­ты­ғы осы­ның бел­гі­сі. Қыс­қа­сы, Құ­ран ті­лі­мен айт­қан­да: «Жарату­шы жа­рат­қа­нын біл­мейді ме?».[1]

  • Егер пай­ғам­бар­лар кел­ме­ген­де Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны то­лық, ке­мел си­пат­та­ры­мен қа­те­сіз та­ну мүм­кін бол­мас еді. Жа­ра­ту­шы деп түк­ке тұр­май­тын нәр­се­лер­ге құл­шылық жа­сап, та­бы­нуы әб­ден мүм­кін. Пай­ғам­бар­ға сен­беген қауым­дар­дың жа­ра­ту­шы деп өз қол­да­ры­мен жасаған пұт­тар­ға, Ай, Күн, жұл­дыз­дар­ға сый­ын­ған­да­ры, мі­не, осы тұс­ты ай­қын­дай тү­се­ді.
  • Адам­ның ақы­лы «Дү­ниеге не үшін кел­дім? Мін­де­тім, мақ­са­тым не? Жа­ра­ту­шым ме­нен не­ні та­лап етеді?» де­ген сұ­рақ­тар­дың жауабы­на же­те бер­мейді. Адам «өзін мақ­сат­сыз, ба­сым бос» деп пай­ым­дай­ды. Жақ­сы-жа­ман, адал-арам деп тал­ғамай, қа­ла­ға­нын істей­ді. Сон­дық­тан адам­ға жа­ра­ты­луын­да­ғы мақ­са­тын, адам­ды­ғы­на сай мін­де­тін тү­сін­ді­ріп, Ұлы Жаратушысының бұй­рық­та­ры мен тый­ым­да­рын жеткізетін пай­ғам­бар­лар ке­рек.
  • Адам ба­ла­сы­на өлі­мі­нен кейін­гі құ­бы­лыс­тар мүл­де бей­мә­лім. Сон­дық­тан пай­ғам­бар­лар адам­ға өл­ген­нен кейін қай­та ті­рі­ле­тін­ді­гін, дү­ниеде іс­те­ген әр­бір ісі­нен сұ­рақ алы­нып, жән­нат­пен ма­ра­пат­та­лып ­яки то­зақ­пен жа­за­ла­на­ты­нын тү­сін­ді­ріп, ес­кер­ту үшін жі­бе­ріл­ген.
  • Пай­ғам­бар­лар­дың жі­бе­рі­лу мақ­са­ты­ның бі­рі – үм­бет­те­рі­не қай­та­лан­бас үл­гі-өне­ге көр­се­ту. Алла Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де: أُوْلَئِكَ الَّذِينَ هَدَى اللَّهُ فَبِهُدَاهُمْ اقْتَدِهْ «Мі­не, со­лар (пай­ғам­бар­лар) нағыз Алланың ту­ра жол­ға сал­ған құл­да­ры. Ендеше сен де олар­дың тура жо­лына ілес![2]» – де­лін­се, бас­қа бір аят­та: لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ وَذَكَرَ اللَّهَ كَثِيرًا «Ра­сын­да, сен­дер­ге, Алладан жә­не ақы­рет күні­нен үміт ет­кен­дер мен Алланы көп зі­кір еткендер үшін Алланың Ел­ші­сін­де жақ­сы үл­гі­лер бар» – деліне­ді.[3]

Пай­ғам­бар­лар – біз үшін жол­бас­шы әрі имам. На­маз­да имам­ға ұйыға­ны­мыз­дай, өмір­дің әр қа­да­мын­да Оны үл­гі тұ­тып, Оның жо­лы­мен жү­ре­міз. Біз­ге на­ғыз шы­найы өмір­ді пай­ғам­бар­лар ға­на көр­се­те ала­ды. Ис­лам­ның алғаш­қы дәуі­рін көр­ген­дер Алла Ел­ші­сі­нің қас-қа­ғым сәт­те­рін де қалт жі­бер­мей мұ­қият қа­да­ға­лап, Одан үл­гі-өне­ге алып отыр­ған.

  • Пай­ғам­бар­лар дү­ние мен ақы­рет те­петең­ді­гін құ­ру үшін кел­ген. Олар­дың әкел­ген те­пе-тең­ді­гі­мен адам ба­ла­сы өмір жо­лы­ның ас­там­ды­ғы мен нұқ­сан­ды­ғы­нан құ­ты­лып, дұ­рыс ба­ғы­тын та­ба­ды. Бұл – поп­тар мен мо­нах­тар­дай дү­ниені тәрк етіп, мо­нас­тыр­лар­ға қа­ма­лып, ел­ден бө­лек­те­ну, тұм­ша­лан­ған әлемге кіріп, ғұмыр бойы жал­ғыз өмір сүру емес, ке­рі­сін­ше, үне­мі ор­та жол­дан айырыл­май, дүние мен ақыреттің өзіндік салмағына қарай тепе-теңділік сақтай ғұмыр кешу. Бұл – уахи­дың (Алладан кел­ген ха­бар) нұр­лы әле­мін­де ға­на қол же­ткізуге болатын та­быс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан мақұрым жалаң са­на ар­қы­лы мұн­дай те­пе-тең­дік ор­ны­ғуы әсте мүмкін емес. Құ­ран Кә­рім осы те­пе-тең­дік жай­ын­да: وَابْتَغِ فِيمَا آتَاكَ اللَّهُ الدَّارَ الْآخِرَةَ وَلَا تَنسَ نَصِيبَكَ مِنْ الدُّنْيَا وَأَحْسِنْ كَمَا أَحْسَنَ اللَّهُ إِلَيْكَ وَلَا تَبْغِ الْفَسَادَ فِي الْأَرْضِ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ «Алланың са­ған бер­ген ырыс-бе­ре­ке­ті­мен ақы­рет ме­ке­нін із­де. Бі­рақ, дү­ниеде­гі не­сі­бең­ді де ұмыт­па. Алла са­ған жақ­сы­лық ет­кен­дей, сен де өзгелерге жақ­сы­лық іс­те. Сон­дай-ақ, жер жү­зін­де бү­лік­ке ілес­пе. Кү­дік­сіз Алла бү­лік­ші­лер мен со­дыр­лар­ды жақ­сы көр­мейді»[4] – дей­ді[5].

Ақы­рет­те «біз­ге пай­ғам­бар жі­бе­ріп, ту­ра жол­ды көр­сет­ке­нің­де адас­пай­тын едік» деп сылтау­ға бас­қы­сы ке­ле­тін­дер­дің аузы­на құм құй­ылуы үшін, олар­ға хақ пен на­хақ­ты тү­сін­ді­ріп, жет­кі­зе­тін пай­ғам­бар­лар жі­бе­ріл­ген. Осылайша сылтау­ла­ры­ның ал­ды алын­ған. Бір аят бұл мә­се­ле­ні бы­лай баян ете­ді: رُسُلًا مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِأَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللَّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا «Ел­ші­лер­ден кейін Аллаға ай­тар же­леуі бол­мас үшін пай­ғам­бар­лар­ды сүйін­ші­леу­ші әрі ес­кер­ту­ші етіп жі­бер­дік: Алла Азиз (аса үс­тем), Хаким (хик­мет иесі)»[6].



[1] Тә­ба­рак сү­ре­сі/14

[2] Ән­ғам сү­ре­сі 90-аят.

[3] Ах­зап сү­ре­сі 21- аят.

[4] Қа­сас сү­ре­сі 77-аят.

[5] М. Фат­хул­лаһ, Ән-ну­рул-ха­ли­ду Му­хам­ма­дун маф­ха­ра­тул-ин­са­ния, муас­си­са­тул-Ри­сә­лә, 1-том, 69-77 бет. Бәй­рут. ауд: Ах­мет Әшен.

[6] Ни­са сү­ре­сі 165-аят.

0 пікір