Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы сәбидің даму кезеңдері туралы әлі көптеген деректерге қанығамыз.
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе бастайды да, бір түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік туады. Талайды таңғалдырған бұл ақиқат Құран аятында былайша баяндалады:
﴿اقْرَأْ بِاسْمِرَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ * خَلَقَ الْإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ﴾
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нәрседен (жатырға жабысқан клеткадан*) жаратты»[1]
«Әлақ» сөзі араб тілінде – ұйыған қан және бір жерге жабысып, ілініп тұрған нәрсе деген мағынаны білдіреді.