Ру­хы­мыз
Ру­хы­мыз
10 жыл бұрын 3105
Қайрат Жолдыбайұлы

Адам ба­ла­сы тән мен жан­нан жа­ра­тыл­ған ға­жай­ып, си­қыр­лы дү­ние. Оның ма­те­ри­ал­дық тә­ні­нің жа­нын­да руха­ни жа­ғы, яғ­ни, жа­ны бар еке­ні еш та­лас­сыз шын­дық. Егер адам ба­ла­сы ет, сүйек, қан сияқ­ты нәр­се­лер­ден тұра­тын тек қа­на ма­те­ри­ал­дық бір жа­ра­ты­лыс бо­ла­тын бол­са, ғы­лым­ның ша­рық­тап да­мы­ған осы за­ман­да ке­ре­мет соң­ғы үл­гі­де­гі құ­рал­дар ар­қы­лы ажа­лы жет­кен жан­дар­дың өлі­мі­не ара­ша тү­сіп құт­қа­рып қал­мас па едік. Алай­да та­рих­та осы дү­ниеде мәң­гі­лік­ке қол жет­кіз­ген еш­бір тұл­ға жоқ. Жет­кі­зуі де мүм­кін емес. Өйтке­ні тә­ні­міз­ді бас­қа­рып тұр­ған жа­ны­мыз Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың әмі­рі­мен тән­нен шық­қан­нан кейін оны қай­та әке­ліп қо­су­ға ғы­лым­ның да, бас­қа­ның да шама­сы жет­пек емес.

Иә, денеде рухтың бар екен­ді­гі­не қар­сы дау ай­тар еш­кім жоқ. Сон­дық­тан оны дә­лел­деп жа­ту­дың өзі ар­тық. Де­сек те, жан жоқ дей­тін­дер­ге әр­бір адам­нан та­бы­лып жа­та­тын мы­на бір жауап­тың мә­нін жа­за кету­ді жөн көр­дік.

Егер кез кел­ген адам­ға: Миың, жү­ре­гің, кө­зің, ау­зың, қол-ая­ғың, бар­лық де­не мү­ше­ле­рің кім­ді­кі де­лін­се? Ме­ні­кі де­рі сөз­сіз. Ал ен­ді бар­лық де­не мү­ше­сін ме­ні­кі деп тұр­ған « Мен» кім? Оны деп тұр­ған оның ру­хы, яғ­ни, жа­ны. Де­мек, «Мен» де­ге­ні­міз, ол– ру­хы­мыз, ал «Ме­ні­кі» де­ге­ні­міз, ол – де­не­міз.

Абай ата­мыз жан­ның өл­мей­тін­ді­гін, оның тұ­рақ­тап, ме­кен те­бе­тін бас­қа бір мәң­гі­лік өмір­дің бар еке­нін бы­лай деп тіл­ге тиек ете­ді:

«Өл­се өлер та­би­ғат, адам өл­мес,

Бі­рақ ол ой­нап-кү­ліп қай­та кел­мес,

«Ме­ні» мен «Ме­ні­кі­нің» айырыл­ға­нын

Өл­ді деп ат қой­ып­ты өң­кей біл­мес».

Яғ­ни, ру­хы­мыз өл­мей­ді. Ол де­не­ден айырыл­ған­нан кейін өзі­нің мәң­гі­лік ме­ке­ні­не, не­гіз­гі ота­ны­на са­пар шеге­ді.

Қа­зақ хал­қы жан тә­сі­лім ет­кен адам­ға өл­ді де­мей­ді, «қай­тыс» бол­ды дей­ді. Бұл сөз­дің ас­та­ры­нан жан­ның өл­мей­тін­ді­гі, бас­қа бір мәң­гі өмір­ге қай­та қай­та­тын­ды­ғын тү­сі­ну­ге бо­ла­ды.

Алла Та­ға­ла адам ба­ла­сы­на арғы дү­ниеде мәң­гі­лік ғұ­мыр сый­ла­мақ. Жап­пар ие­міз­дің мәң­гі­лі­гі еш­кім­ге тәуел­сіз мәң­гі­лік. Ал адам­ның жұ­мақ ­яки то­зақ­та мәң­гі бо­луы – Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың мәң­гі­лі­гі­не тәуел­ді әрі Оның мәң­гі­лі­гі­нің дә­ле­лі. Мі­не, адам ба­ла­сы­ның сол мәң­гі­лік ғұ­мыр үшін қай­та­тын ор­нын ақы­рет, жұ­мақ, то­зақ дей­міз.

0 пікір