Же­ген қо­ре­гі­міз де де­не­міз­де қай­та ті­рі­луде
Же­ген қо­ре­гі­міз де де­не­міз­де қай­та ті­рі­луде
10 жыл бұрын 2543
Қайрат Жолдыбайұлы

Күз­де «Өмі­рім­нің со­ңы­на тая­дым» де­ген­дей, сар­ғай­ып тұр­ған егін­ді орып ала­мыз. Бұл жай­қа­лып өсіп тұр­ған би­дай үшін бі­рін­ші өлім. Со­сын диір­мен­ге тар­тып ұн жа­сай­мыз. Бұл ол үшін екін­ші өлім. Со­сын илеп ашы­тып, қып-қы­зыл қы­зып тұр­ған тан­дыр­ға са­лып пі­сі­ре­міз. Бұл би­дай үшін та­ғы бір өлім. Дас­тар­хан­ға кел­ген нан­ды аузы­мыз­ға са­лып, ті­сі­міз­бен үгі­тіп, ас­қа­за­ны­мыз­ға жі­бе­ре­міз. Ол жер­де әр түр­лі сөл­дер­мен ара­ла­сып, бас­қа бір өлім­ге ду­шар бо­ла­ды. Мі­не, осы­лай­ша нан ас­қа­зан қа­бі­рін­де кө­міл­ген бол­ды. Нан осын­ша­ма өлім­нен кейін ас­қа­зан­нан он екі елі іше­гі­міз­ге өте­ді. Сол жер­де ас­қа­зан­да өл­ген нан бұ­рын­ғы­сы­нан да ке­ре­мет түр­де қай­та ті­рі­ліп, де­не­міз­де­гі қа­ны­мыз­ға, клет­ка­ла­ры­мыз­ға, ви­та­мин­дер­ге ай­на­лып, тә­ні­міз­де тір­ші­лі­гін жал­ғас­ты­ра­ды.

Ал ен­ді Алла Та­ға­ла адам ба­ла­сын өл­ген­нен кейін жан бе­ріп, қай­та ті­рі­лт­пей­ді дей­тін­дей, бір­не­ше өлім­ге куә бо­лып, адам­ның тә­нін­де қай­та ті­ріл­ген би­дай­дан да тө­мен, ма­ғы­на­сыз бол­ға­ны ма?

Күз­де то­пы­рақ­қа тү­сіп кө­міл­ген әр түр­лі дән­дер мен да­қыл­дар­ды ші­рі­ді, біт­ті, өл­ді деп ой­ламай­мыз. Себебі ол көк­тем­де ал­ғаш­қы кей­пі­нен де ке­ре­мет түр­де қай­та ті­рі­ліп, қа­ра жер­ді қақ жа­рып шы­ғып, жай­қа­ла өсіп, жер бетін жа­сыл ре­ңі­мен бояп тас­тай­ды. Тіп­ті бі­реу бо­лып өле­ді, бір­не­ше бо­лып ті­рі­ле­ді.

Алла Та­ға­ла Құ­ран­да:

﴿وَمِنْ آيَاتِهِ أَنَّكَ تَرَى الْأَرْضَ خَاشِعَةً فَإِذَا أَنزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاءاهْتَزَّتْ وَرَبَتْ إِنَّ الَّذِي أَحْيَاهَا لَمُحْيِي الْمَوْتَى إِنَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍقَدِيرٌ﴾

«Оның (құ­ді­ре­тін көр­се­те­тін) дә­лел­дер­ден бір дә­лел мы­нау:

Сен жер­ді құр­ғап, (Алладан ме­дет сұ­рап тұр­ған адам­дай) ба­сын иген күй­де кө­ре­сің. Бі­рақ Біз жаң­быр жау­ғыз­ған сәт­те жер бе­ті құл­пы­рып, көп­си тү­се­ді. Мі­не, құр­ғақ жер­ді осы­лай кім ті­рі­лт­се, өлі­лер­ді де Сол ті­ріл­те­ді. Өйтке­ні Оның әр нәр­се­ге құ­ді­ре­ті толық же­те­ді»[1]– деп өлі­лер­ді ті­ріл­те­тін шек­сіз құ­ді­ре­ті­не на­за­ры­мыз­ды ауда­ра­ды.

То­пы­рақ ас­тын­да ші­рі­ген дән-да­қыл­ды көк­тем­де қай­та ті­рі­лт­кен Алла Тағала, өзі­нің жер бе­тін­де­гі ха­ли­фа­сы адам ба­ла­сын да қа­бір­де ші­рі­ген­нен кейін көк­тем тә­різ­дес Хашыр кү­ні қай­та ті­ріл­те­ді.

[1] Фус­си­лат сү­ре­сі/39

0 пікір