Айна­ла­мыз­да бо­лып жат­қан қай­та ті­рі­лу­дің үл­гі­ле­рі
Айна­ла­мыз­да бо­лып  жат­қан қай­та ті­рі­лу­дің үл­гі­ле­рі
10 жыл бұрын 2944
Қайрат Жолдыбайұлы

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз мы­на дү­ниеде-ақ қай­та ті­рі­лу­дің сан­сыз үл­гі­ле­рін жа­ра­тып, са­на иесі адам ба­ла­сы­на қай­та ті­ріл­ту­дің оңай екен­ді­гін көр­се­ту­де. Иә, тол­ға­нып, ғиб­рат ал­мақ ниет­пен пі­кір ет­сек, әр­бір көк­тем қай­та ті­рі­лу­дің дә­ле­лі емес пе? Көк­тем қай­та ті­рі­лу­дің сан­сыз үл­гі­сі­не то­лы. Жаз­да жап-жа­сыл бо­лып жай­қа­лып, күз­де жеміс-жи­де­гін ша­шу етіп шаш­қан­нан кейін бар­лық өсім­дік әле­мі адам­ның қар­тай­ған ша­ғын­да­ғы шаш­та­ры­ның ағар­ға­нын­дай жа­пы­рақ­та­ры со­лып, са­ры ал­тын­ға боялып, бір­тін­деп тө­гі­ліп, өз­де­рі қу­рай бас­тай­ды. Қыс кел­ген­де бей­не бір өлім­ге ұшы­рап, ап­пақ қар­дың ас­тын­да қа­ла­ды. Тір­ші­лік­те­рі­нің ты­ны­сы бай­қал­май­ды. Мі­не, өсім­дік­тер­дің қыс­та­ғы осы өлі қал­пы­нан кейін сен олар­ды көк­тем­де көр. Көк­тем ке­ліп, күн нұ­ры­на ма­лы­на бас­та­ған шақ­та күл­лі өсім­дік әле­мі әп-сәт­те бүр­шік атып, гүл­де­рін ашып, жап-жа­сыл бо­лып жай­қа­ла тү­се­ді. Қысқы өлік көк­тем­мен қай­та ті­рі­ле­ді.

Абай ата­мыз:

«Жаз жі­бе­ріп, жан бер­ген қа­ра жер­ге

Рах­ме­ті­не Алланың кө­ңіл се­нер.

Мал се­мі­рер, ақ пе­нен ас кө­бейер

Адам­зат­тың көң­лі өсіп кө­те­рі­лер

 

Қа­ра та­стан бас­қа­ның бә­рі жа­ды­рап,

Бір са­раң­нан бас­қа­ның бей­лі енер.

Та­ма­ша­лап қа­ра­саң Тәң­рі ісі­не

Бой­ың бал­қып, ери­ді іш­те жі­гер» – деп жыр­ла­ған­дай көк­тем­де ай­на­ла­ңа қа­ра­саң, сен де өзің­ді қай­та тіріл­ген­дей се­зі­не­сің. Өйтке­ні ай­на­лаң­да­ғы та­би­ғат жап­пай қай­та ті­рі­лу­ге, жа­ңа өмір­ге, қай­та кел­ген құс­тар­дың та­мыл­жы­та сай­ра­ған әсем әні­не тұ­нып тұр. Қыс­та ызы­ңы жо­ға­лып, аты өш­кен шы­бын-шір­кей көк­тем­де қай­та пай­да бо­лып, үс­ті-ба­сы­ңа қо­нып ма­заң­ды ала­ды. Бі­рақ сол ызы­ңы­мен са­ған қай­та ті­рі­ле­ті­нің­ді мең­зеп тұр­ған­дай. Иә, қыс­қы өлім­нен кейін өсім­дік әле­мін, адам­нан қан­ша есе көп жал­пы жән­дік­тер­ді қай­та жер бе­ті­не шығар­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз адам ба­ла­сын өлім қы­сы­нан кейін қай­та ті­ріл­те­ді. Се­бе­бі адам өсім­дік­тен де, шыбын-шір­кей, жән­дік­тер­ден де ма­ңыз­ды әрі ма­ғы­на­лы.

0 пікір