Су­бу­ти си­пат­та­ры
Су­бу­ти си­пат­та­ры
10 жыл бұрын 10597
Қайрат Жолдыбайұлы

Алла Та­ға­ла – бар­лық ке­мел си­пат­тар­дың шы­найы иесі. Он­да­ғы бар­лық си­пат­тар шек­сіз жә­не кейін­нен пай­да бол­ма­ған әрі со­ңы жоқ, мәң­гі. Жа­ра­ты­лыс­та­ғы әсем­дік пен сұ­лу­лық – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның еш тең­дес­сіз көр­кем­ді­гі­нің бел­гі­сі. Әр нәр­се­де­гі ше­бер­лік – Оның тең­дес­сіз ше­бер­лі­гі мен құ­ді­ре­ті­нің дә­ле­лі. Жа­ра­ты­лыс­та­ғы тірші­лік – Оның ті­рі екен­ді­гі­нің ны­ша­ны. Ға­лам­да­ғы үлкен­ді-кі­ші­лі бар­лық тір­ші­лік атау­лы­ның ры­зық­пен қам­та­ма­сыз еті­луі – Оның «Раз­зақ» яғ­ни, ры­зық бе­ру­ші екен­ді­гі­нің ай­ға­ғы. Адам­ға ілім­ді, қа­лауды, күш-қуат­ты, өмір­ді бер­ген Ұлы Ие­міз­дің ілім­сіз, қа­лаусыз, құ­ді­рет­сіз, ті­рі болмауы мүм­кін емес.

Су­бу­ти си­пат­тар се­гіз. Олар мы­на­лар:

 

1. Хаят.

«Ті­рі бо­лу» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Та­ға­ла тірі әрі ті­рі­лі­гі мәң­гі. Әр нәр­се­ге, өлі то­пы­рақ­қа, жал­пы жаратылысқа жан бе­ріп, тір­ші­лік иесі ет­кен Алла еке­ні сөз­сіз. Бұл си­пат Ұлы Алладан бір ме­зет бол­са да ажы­ра­май­ды. Өйтке­ні Оның ке­мел­ді­гі тек қа­на мәң­гі ті­рі бо­лу ар­қы­лы жүзеге асады. Бұл си­пат­қа қа­ра­ма­қай­шы ма­ғына­да­ғы өлі бо­лу – Алла Та­ға­ла үшін әсте мүм­кін емес. Алла Та­ға­ла­ның Ті­рі бо­лу си­па­ты Ілім, Қа­лау, Құ­ді­рет жә­не бас­қа си­пат­та­ры­мен ті­ке­лей бай­ла­ныс­ты. Өйтке­ні ті­рі бол­ма­ған­ның бір нәр­се­ні бі­лу­ден, қа­лаудан жә­не жа­ра­ту­дан ма­құ­рым қа­ла­ты­ны айт­па­са да тү­сі­нік­ті.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз ті­рі әрі мәң­гі де­дік. Се­бе­бі, жараты­лыс­та­ғы кез кел­ген жан­сыз нәр­се­нің өз-өзі­нен тір­ші­лік иесі бо­луы мүм­кін емес. Де­мек, Ұлы Жара­ту­шы­мыз – бар­лық жан иеле­рі­не рух бе­ріп, тіршілік беті­не шы­ғар­ған тір­ші­лік­тің шы­найы иесі, әрі қай­нар бұла­ғы.

«Фур­қан» сү­ре­сі­нің 58-ші ая­тын­да:

﴿وَتَوَكَّلْعَلَى الْحَيِّ الَّذِي لَا يَمُوتُ

«Мәң­гі­лік өл­мей­тін ті­рі Аллаға тәуе­кел ет» - делін­ген.

 

2. Ілім.

Бұл си­пат «бі­лу» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ұлы Алланың ілі­мі жа­ра­тыл­ған­дар­дың ілі­мі се­кіл­ді таяз, шектеу­лі әрі кейіннен жиналған емес. Оның ілі­мі шек­сіз, еш құ­рал­ды қажет етпейді және бар­лық нәр­се­ні қам­ти­тын­дай өл­шеусіз. Иә, Алла Та­ға­ла – әр нәр­се­ні бі­лу­ші. Ол жа­рияны біл­ге­ні се­кіл­ді құ­пияны да бі­ле­ді. Жал­пы­ны біл­ге­ні се­кіл­ді жал­қы­ны да бі­ле­ді. Үл­кен­ді біл­ге­ні се­кіл­ді кіш­і­ні де бі­ле­ді. Бар­лық өт­кен за­ман­ды толық біл­ге­ні се­кіл­ді ке­ле­шек­ті де бі­ле­ді. Жер­дің ас­тын­да­ғы­ны біл­ге­ні сияқ­ты көк­те­гі­ні де бі­ле­ді. Көз­ге кө­рі­не­тін­ді біл­ге­ні сияқ­ты көрін­бей жа­сы­рын кө­мес қал­ған­ды да бі­ле­ді. Бар­лық болып-кет­кен­ді біл­ге­ні тә­різ­ді бү­кіл бо­ла­тын­ды да бі­ле­ді. Се­бе­бі, оның ілі­мі кейін­нен үй­ре­ну, оқу ар­қы­лы пай­да бол­ма­ған. Оның ілі­мі­нің бастауы жоқ – әзә­ли. Мі­не, сон­дық­тан Оның ілі­мі үшін үл­кен мен кішіні, жа­рия мен құ­пия ара­сын­да еш ай­ыр­ма­шы­лық жоқ. Оның ілімінен еш­бір нәр­се тыс қал­май­ды. Құ­ран­да:

﴿وَعِندَهُ مَفَاتِحُ الْغَيْبِ لاَ يَعْلَمُهَا إِلاَّ هُوَ وَيَعْلَمُ مَا فِيالْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَمَا تَسْقُطُ مِن وَرَقَةٍ إِلاَّ يَعْلَمُهَا وَلاَ حَبَّةٍفِي ظُلُمَاتِ الأَرْضِ وَلاَ رَطْبٍ وَلاَ يَابِسٍ إِلاَّ فِي كِتَابٍ مُّبِينٍ﴾

«Ғайб әле­мі­нің (кө­мес­тің) кілт­те­рі тек Оның құзырында. Оны Өзі­нен бас­қа еш­кім біл­мейді. Жә­не Ол жер­де­гі, те­ңіз­де­гі бар­лық нәр­се­ні бі­ле­ді. Тіп­ті бір жа­пы­рақ түс­се де Ол мін­дет­ті түр­де одан ха­бар­дар. Жер­дің қа­раң­ғы қа­бат­та­рын­да­ғы бір тал дән де, құр­ғақ жә­не дым­қыл бар­лық нәр­се де ашық кі­тап­та бар»,[1] - де­лі­не­ді.

Иә, Алланың ілі­мі­нен еш­бір нәр­се тыс қал­май­ды, қа­луы да мүм­кін емес. Өйтке­ні бү­кіл нәр­се­ні білмеген, олардың әрбір жағдайынан хабардар болмаған құдірет шынайы Алла бо­ла ал­май­ды. Осын­ша­ма та­ма­ша да ке­ре­мет ма­ғы­на­лы әлем­ді, әлем­де­гі әр­бір нәр­се­ні жа­ра­та ал­май­ды. Әр түр­лі қа­жет­те­рі бар сан­сыз жа­ра­тыл­ған­дар­ды бас­қа­руы да мүм­кін емес. Мы­са­лы, Алла Та­ға­ла­ның бар­лық жас сә­би­лер­ге ана­ның қа­раң­ғы құр­са­ғын­да ың­ғай­лы қоре­гін бе­ріп, дү­ниеге кел­ген­нен кейін қорегін өз­гер­тіп, анасы­ның омы­рауы­нан оған ең ке­рек­ті ви­та­мин­дер­ді қам­ты­ған ақ сүт­ті бе­руі – ба­ла­ның қа­же­тін, оған не­нің ке­рек, не­нің ке­рек емес еке­нін бі­ле­тін шек­сіз ілі­мі­нің дәле­лі бол­са ке­рек. Ба­ла­ның қа­же­тін біл­ме­ген Алланың оған осы ең ың­ғай­лы қо­рек­ті бе­руі мүм­кін бе?

Мы­на әлем­де­гі та­ма­ша тәр­тіп пен ақау-кем­ші­лік­сіз жүйе, тең­дес­сіз сұ­лу­лық пен көр­кем­дік – Ұлы Алланың әр нәр­се­ні қам­ты­ған шек­сіз ілі­мі­нің бел­гі­сі әрі дә­ле­лі.

Ұлы Алланың әр нәр­се­ні бі­ле­ті­ні­не бек сен­ген жан әр­қа­шан әр қа­да­мын бай­қап ба­сып, әр­бір іс­те­ген ісін абай­лап ат­қа­ра­ды. Мұн­дай адам­ның аузы­нан еш­қа­шан бы­ла­пыт сөз шық­пай­ды, еш­бір адам үшін жа­ман ой­лап, еш­кім­ге зия­нын ти­гіз­бейді. Еш­кім­нің ақы­сын жеп, зұлым­дық жа­сап шек­тен шық­пай­ды.

Өзі­нің әр­бір ісін, әр­бір қи­мыл-әре­ке­тін, тіп­ті әр­бір ой­ын бі­ліп тұ­рған ілі­мі шек­сіз Аллаға иман келтіріп, жүре­гі­не бе­кем түй­ген жан­дар еш­кім кө­ре ал­май­тын та­са жер­де бол­са да, Оның бұй­рық­та­ры­на қарсы шы­ғып тый­ым­да­рын бұз­бай­ды. Мұн­дай жан­дар Алланың жер­де­гі әрі көк­те­гі сүйік­ті құл тұ­ғы­ры­на көтері­ліп, адам­дар­дың ара­сын­да­ғы ең се­нім­ді тұл­ға­ға айна­ла­ды.

 

3. Сәмғ.

Алла Тағаланың көрмегі, естімегі

біз секілді көзбенен, құлақпенен емес.

Абай

 

Бұл си­пат «ес­ту»­ дегенді білдіреді. Ұлы Ие­міз­дің ес­тіп, білуі жа­ра­тыл­ған­дар­ді­кі сияқ­ты шек­ті, нұқ­сан әрі се­беп-құ­рал, дә­не­кер­ге мұқ­таж емес. Иә, Алла Та­ға­ла әр нәр­се­ні ес­тіп бі­ле­ді. Оның бір нәр­се­ні ес­туі бас­қа нәр­се­лер­ді ес­туіне бө­гет емес. Өйтке­ні Алланың бұл сипаты кейін­нен пай­да бол­ма­ған. Алла Таға­ла­ның ес­туі жа­ра­тыл­ған­дар­дың ес­туіне мүл­дем ұқ­са­май­ды. Се­бе­бі, жа­ра­тыл­ған­дар­дың ес­туі кей­бір ағзалар­дың, құ­рал­дар­дың кө­ме­гі ар­қы­лы жү­зе­ге аса­ды. Ал Алла Та­ға­ла еш­бір құ­рал­ға, еш­бір се­беп­ке тәуелді емес. Мі­не, сон­дық­тан ең жа­сы­рын, ең құ­пия ды­быс­тар да Оның ес­туінен тыс қал­май­ды.

Алла Та­ға­ла­ның өзі­не жал­ба­рын­ған құл­да­ры­ның жа­сы­рын жә­не құ­пия әр түр­лі зі­кір­ле­рін, дұ­ға-мі­нә­жат­та­рын қа­был етіп, хик­ме­ті­не сай мұқ­таж­дық­та­рын қам­та­ма­сыз етуі – Оның әр нәр­се­ні толық ес­ти­тіндігінің дә­ле­лі.

Ес­ту си­па­ты­на қа­ра­ма-қай­шы ма­ғы­на­­да­ғы – есті­меу, са­ңы­рау кемшілік бол­ған­дықтан,  бар­лық ке­мел си­пат­тар­дың шы­найы иесі, күл­лі нұқ­сан си­пат­тар­дан пәк Алла Та­ға­ла үшін мүм­кін емес.

 

4.   Ба­сар.

Бұл си­пат «кө­ру» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Та­ға­ла өзі­нің ұлы­лы­ғы­на әрі шек­сіз­ді­гі­не лай­ық дә­ре­же­де кө­ру си­па­ты­мен си­пат­та­ла­ды. Ұлы Алла Та­ға­ла әр нәр­се­ні ке­мел­ түр­де еш нәр­се­нің кө­ме­гін­сіз, ешбір құ­рал-жаб­дық­сыз бі­ліп, ес­ти­ті­ні се­кіл­ді әр нәр­се­ні еш кем­ші­лік­сіз, еш нәр­се­нің кө­ме­гін­сіз кө­ре­ді. Оның ілі­мі жә­не ес­туі шек­сіз бол­ға­ны се­кіл­ді кө­руі де шек­сіз. Оның бір нәр­се­ні кө­руі бас­қа нәр­се­лер­ді кө­руіне бө­гет емес. Оның кө­руінен ең кіш­кен­тай атом да, бас­қа да тыс қал­май­ды. Оның назарында жа­сы­рын мен құ­пия, жа­рық пен қа­раң­ғы, алыс пен жа­қын, үл­кен мен кі­ші­нің ара­сын­да еш­бір ай­ыр­ма­шы­лық жоқ. Құ­ран­да:

﴿إِنَّ اللَّهََيَعْلَمُ غَيْبَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ

«Еш кү­мән­сіз Алла көк­те­гі жә­не жер­де­гі ғайыпты (кө­ме­с нәр­се­лер­дің бә­рін) бі­ле­ді. (бұ­лар­ды біл­ген Алла) Әл­бет­те, сен­дер­дің бар­лық іс­теп жат­қан істерің­ді кө­ру­де»,[2] - де­лі­не­ді.

 

5. Ира­дә.

Бұл си­пат «қа­лау» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ұлы Алланың қа­лауы әзә­ли жә­не еш бө­гет­сіз. Қа­ла­ға­ны еш кү­мән­сіз орындалады. Қа­ла­ма­ған нәр­се­сін күл­лі әлем жи­на­лып іс­ке асыр­мақ бол­са да, жү­зе­ге ас­пай­ды. Оның қалауына еш­кім тосқауыл бо­ла ал­майды.

Жоқ­тық­тан тір­ші­лік әле­мі­не шы­ға­рыл­ған сан­сыз жара­ты­лыс­тың мил­лион­да­ған түр-тұр­пат, түс­тер­ге бөлініп, әр түр­дің өзі­не тән ерек­ше­лік­тер­ге ие бо­луы – Оның еш бө­гет­сіз қа­лауы­ның дә­ле­лі. Мы­са­лы, сан­сыз ағаш­тар­дың, мил­лион­да­ған гүл­дер­дің, түрлі же­міс-жи­дек, жал­пы өсім­дік­тер­дің бірдей су­мен, бірдей то­пы­рақ­пен, бірдей ауа­мен, бір күн­нің жа­рық-жы­луымен қо­рек­тен­ген­де­рі­не қа­ра­ма­стан әр түр­лі бо­лып, сан алуан рең­ге боялуы, неше түр­лі хош иіс, дәм­­мен бе­зе­нуі – Оның әзә­ли қа­лауы­ның бел­гі-ны­ша­ны.

Жап­пар Ие­міз хик­ме­ті­не орай қа­ла­ға­нын қа­ла­ған түр­де, қа­ла­ған уақы­тын­да жа­ра­та­ды. Жә­не қа­ла­ға­нын қа­ла­ған уа­қыт­та өз­гер­тіп, қа­ла­ған уа­қыт­та жоқ ете­ді. Қа­ла­ға­ны­на бай­лық бе­ріп, қа­ла­ға­ны­на ке­дей­лік ша­па­нын кигізе­ді. Қа­ла­ға­ны­ның дә­ре­же­сін кө­те­ріп, қа­ла­ға­ны­ның абырой­ын ай­ран­дай тө­гіп, тө­мен тү­сі­ре­ді. Құ­ран­ның тілімен айт­қан­да:

﴿قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَمَنتَشَاء وَتَنزِعُ الْمُلْكَ مِمَّن تَشَاء وَتُعِزُّ مَن تَشَاءوَتُذِلُّ مَنتَشَاء بِيَدِكَ الْخَيْرُإِنَّكَ عَلَىَ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ﴾

«Ей, бар­лық мү­лік­тің шы­найы иесі – Алла Тағалам! Сен мү­лік­ті қа­ла­ға­ны­ңа бе­ріп, қа­ла­ға­ның­нан қай­та ала­сың. Қа­ла­ға­ның­ның мәр­те­бе­сін кө­те­ріп, қа­ла­ға­ның­ды тө­мен тү­сі­ріп қор­лай­сың. Күл­лі із­гі­лік пен қай­ыр­лы іс­тер тек қа­на Се­нің қо­лың­да. Әл­бет­те, сенің бар­лық нәр­се­ге құ­ді­ре­тің то­лық же­те­ді»[3], – деп айт.

 

6.   Құ­ді­рет.

Бұл си­пат «күш-қуат» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз – шек­сіз жә­не мәң­гі құ­ді­рет иесі. Қа­ла­са күл­лі әлем­ді бір ме­зет­те бар етіп, бір сәт­те жоқ ете­ді. Оның құ­ді­ре­ті кейін­нен пай­да бол­ма­ған, яғ­ни, бастауы жоқ әрі мәң­гі. Оның шек­сіз құ­ді­ре­ті үшін кіш­кен­тай атом­ды жа­ра­туымен сан­сыз га­лак­ти­ка­лар­ды, он­да­ғы сан­сыз жұл­дыз­дар­ды жа­ра­ту оңай­лық жа­ғы­нан бір­дей. Сон­дық­тан көк жү­зін­де­гі бар­лық Күн, Ай, бас­қа да ұшы-қиыры жоқ жұл­дыз­дар, жер­де­гі жал­пы жа­ра­ты­лыс – Оның құ­ді­ре­ті­не бас иіп, еш ақау-кем­ші­лік­сіз мы­на таңға­жай­ып үй­ле­сім­ді жүйені бұз­бай әрекет етуде.

Алла Та­ға­ла­ның шек­сіз құ­ді­ре­тін қа­был­да­ған иман­ды адам Оның еш тең­дес­сіз ұлы­лы­ғы­ның ал­дын­да бас иіп, тағ­зым ете­рі сөз­сіз. Құ­ді­ре­тіне там­са­на таң­ға­лып, ру­хы шат-ша­ды­ман бо­ла­ды. Оның қа­сиет­ті бұй­рық­та­рын орын­дап, тый­ым­да­ры­нан алыс бо­лу­ға ты­ры­сып ба­ға­ды. Бұл іс­те­рі­мен тек Оның ри­за­лы­ғын алу­ды мақ­сат ете­ді. Се­бе­бі бұн­дай тү­сі­нік­ке, иман­ға ие бол­ған асыл жан­дар Раб­бы­ла­ры­ның ри­за­шы­лы­ғы­на бө­лен­ген жағ­дай­да, өзі­нің бар­лық ар­ман-мұ­рат­та­ры­на же­те­ті­нін бі­ле­ді. Се­бе­бі, тек Оның шек­сіз құ­ді­ре­ті ға­на бар­лық ті­лектерін орындай ала­ды.

 

7.   Кә­лам.

Бұл си­пат «сөй­леу» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ұлы жа­ра­ту­шы­мыз Алла Та­ға­ла сөй­леу си­па­ты­на ежелден ие. Иә, Оның кә­лам си­па­ты кейін­нен пай­да бол­ма­ған жә­не әр түр­лі әріп, ды­быс­тар­ға мұқтаж емес. Алла Та­ға­ла сө­зін Өзі­нің ұлы­лы­ғы­на лай­ық түр­де пе­ріш­те­ле­рі­не ес­тір­тіп жет­кі­зе­ді. Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дан түс­кен бү­кіл кі­тап­тар мен уахи­лер осы си­пат­тың дә­ле­лі әрі жер­де­гі кө­рі­ні­сі.

 

8.   Тә­ку­ин.

Бұл си­пат жоқ­ты бар етіп ­яки бар нәр­се­ден екін­ші бір нәр­се­ні жа­ра­ту де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Та­ға­ла бар­лық әлем­ді жә­не қа­ла­ған нәр­се­сін кем­ші­лік­сіз хикметі­не орай бар етіп жа­ра­туы ті­ке­лей осы си­пат­қа бай­ла­ныс­ты. Әлем­де­гі сан­сыз әрі сан алуан жа­ра­ты­лыс – осы си­пат­тың ай­қын дә­ле­лі. Алланың «кун!» яғ­ни «бол!» де­ген бұй­ры­ғы ар­қы­лы кез кел­ген нәр­се әпсәтте бар бо­ла­ды. Жү­сіп Ба­ла­са­ғұн Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бұл си­па­тын мы­на бір жыр жо­лы­мен та­ма­ша жет­кіз­ген:

Қа­ла­ды да, жа­рат­ты бар бол­мыс­ты,

«Бол!» – де­ді де, бір­ден бә­рін бол­ғыз­ды.

[1] Ән­ғам сү­ре­сі/59.

[2] Ху­жу­рат сү­ре­сі/18.

[3] Әли Ғим­ран сү­ре­сі/26.

0 пікір