Үшбұрыш, төртбұрыш және домалақтың айтысы (ғибрат әңгіме)
Үшбұрыш, төртбұрыш және домалақтың айтысы (ғибрат әңгіме)
4 ай бұрын 4174

Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.

- Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.

- Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.

- Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр Шар. – Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы... «Сегіз қырлы, бір сырлы» болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен. Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!

- Круглый Дурак! – деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.

Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә».

0 пікір