Уруа ибн Зүбәйір (р.а.)
Уруа ибн Зүбәйір (р.а.)
10 жыл бұрын 3762

Уруа ибн Зүбәйір (р.а.) хазірет Айша анамыздан көп дерек жеткізген жан. Бірде ол баласы Мұхаммедпен бірге Уәлид ибн Абдилмәликке барғанда, асыл тұқымды аттар тұрған жерге соғады, сол жерде шыққан қақтығыста бір ат теуіп баласы Мұхаммед қайтыс болады. Осы кезде хазірет Уруаның аяғына да соққы тиіп, кейіннен дәрігерлер аяғын кеседі. Бастапқыда бұған келіспегенмен шіри бастағандықтан, халифа Уәлидтің ұсынысына келісуге мәжбүр болады. Сол күннің жағдайында наркозсыз әрі арамен кескен аяғының ауырғанына шыдамдылық танытуы таңғаларлық. Аяғын кесіп болғанда: «Бұл сапарымызда бірқатар қиындықтарға кезіктік» деген мағынаға келетін аятты оқып, өзін ешкім ұстап тұрмаса да қарсылық білдірмей, бірақ есінен танып қалады.

Есін жиғаннан кейін имам әуелі маңдайының терін сүртіп, сосын қасындағылардан кесілген аяғын алдырып, қолына алып қарап:

– Сенімен осы уақытқа дейін жүргізген Аллаға ант етемін, бұл аяқпен күнәға да бармадым, харамға да қадам басқан емеспін![1] –  деген.

Бір кезде қасындағылар оның былай деп дұға еткенін естиді:

– Уа, Аллам! Қол-аяғымды қосқанда төрт мүшем бар еді. Сен олардың бірін алып, үшеуін маған қалдырдың. Әрине, сонда да бар мадақ өзіңе тән! Төрт балам бар еді. Олардың бірін алып, үшеуін маған қалдырдың, күмәнсіз мадақ өзіңе тән. Негізінде нағыз мәңгілік болғандар Сенің алғандарың емес пе?![2] 

[1] Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ  61\410
[2] Әбу Нуайм, Хиллиятул әулия 2\179

1 пікір
  • Альхамдулилляһ...Осындай тақуа адамдар аз болса да бүгінгі таңда бар.Ондай тақуа жандар жок деп окініш білдіру болмас.Окініштісі сол, сол тақуа жандармен кездеспеуіміз.Аллах жолықтырса екен.әмин
    10 жыл бұрын