Бір күні бір ұры жылан үйретушінің бағалы жыланын ұрлап әкетеді. Надан ұры ол жыланды өзіне олжа, байлық деп ойлады. Бірақ ол өзіне «пайда» санаған нәрсес – ақыры өзіне қасірет болып оралатынын ол білмеді. Ал жылан үйретуші үшін бұл ұрлық, керісінше, үлкен пәледен құтылу еді.
Әлгі жылан аса улы, өте қатыгез екен. Ол ұрлап әкеткен адамды шағып алыпты. Уы бойына тараған ұры жан түршігерлік азаппен бұл дүниемен қош айтысыпты.
Кейін ұрының қаза тапқанын естіген жылан үйретуші, оны шағып өлтірген дәл сол өзінен жоғалған жылан екенін бірден түсіне қойыпты. Сонда ол терең ойға шомып, өз-өзіне былай дейді:
«Жыланым ұрланған кезде оны қалай қатты іздедім десеңші. Талай рет қол жайып:
“Уа, Раббым! Ұрыны тауып, жыланымды өзіме қайтарып бер!”, – деп жалбарындым.
Алайда Аллаға шүкір, дұғам қабыл болмаптыы. Сөйтсем, мен зиян деп ойлаған нәрсе – мен үшін үлкен мейірім, жасырын игілік екен» депті тәубеге келіп.
Ғибрат:
Шынында да, адам баласы кейде өзіне жақсылық деп ойлаған нәрсені сұрап, қайта-қайта дұға етеді (тіпті қабыл болмай жатыр деп ренжитін кездері де болады). Бірақ ол тілектің ішінде өзіне көрінбейтін зиян жасырынып тұруы мүмкін екенін түсіне бермейді. Ал Раббымыз шексіз мейірімімен пендесін сол зияннан қорғап, оның сұрағанын бермейді. Дұғаның қабыл болмауы да – бір нығмет!
Мәулана Жалал ад-дин Мұхаммад Руми
«Мәснауи-йи маънауи»
(«Жасырын мағыналар дастаны»)