Тұла-бойың иманға тұнып тұр екен
Тұла-бойың иманға тұнып тұр екен
9 жыл бұрын 4653

Бірде Харис ибн Малик мешітте түнейді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны түртіп оятады. Басқа сахабалар сынды ол да: «Анам-әкем жолыңда садаға кетсін, уа, Расулалла, әміріңізге құлдық», – дейді. Расулалла оған: «Таңды қалай атырдың?» – дейді. Харис (р.а.): «Хақ жолдағы мүмин ретінде таң атырдым, өзімді хақ жолдағы мүмин ретінде сезінудемін», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрбір ақиқаттың бір айғағы болады. Ендеше, сенің осы иманыңның айғағы не?» – деп сұрайды. Харис: «Күндіз ораза ұстадым. Түнде таң атқанға дейін Раббыма құлшылық еттім, уа, Алланың елшісі! Қазір тіпті Раббымның ғарышын, жаннат иелерінің шаттыққа бөленіп, жаннатта жүргендерін көріп тұрғандаймын», – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сенің тұла-бойың иманға тұнып тұр екен», – дейді[1].

[1] Мамәр ибн Рашид, әл-Жами 129; Ибн Әби Шәйба, әл-Мусаннаф, 6/170; Бәйхаки, Шуабул-иман, 7/363. 

2 пікір