Тәуекелшіл әйел
Тәуекелшіл әйел
9 жыл бұрын 5363

Тақуа кісілердің бірі Хатамул-Асам сапарға шықпақ болып, жарына:

– Мен сапарға шығып барамын. Саған қаншалықты азық қалдырайын, – деді. Әйелі шынайы тәуекел ететін мұсылмандардың бірі еді. Күйеуіне:

– Ендігі қалған өміріме жететіндей азық қалаймын, – деп жауап берді.

Хатамул–Aсам:

– Мен сенің қанша өмір сүретініңді қайдан білемін, – дегенде, әйелі:

– Ендеше, ризығымды менің қанша өмір сүретінімді білушіге қалдырыңыз.

Яғни Аллаға қалдырыңыз дегісі келді. Бұны естігенде Хатамул–Асам ештеңе деместен сапарға шығып кетті.

Бұл жағдайды естіген кейбір әйелдер әулиенің әйеліне:

– Күйеуің қаншалықты азық қалдырды? – деп сұрай бастады. Мүбәрак әйел сонда оларға былай деп жауап берді:

– Менің күйеуім ризық жегені болмаса, ризық бермейді. Өйткені ризықты тек Алла ғана береді, адамдар жай арадағы себеп қана!

1 пікір