Тақуалық деген не?
Тақуалық деген не?
7 жыл бұрын 5586

Лұқпан хакім ұлына:

«Ұлым, әңгімелесетін болсаң, білімді ғалым адамдармен әңгімелес, олардың сұқбатынан қалма, неге десең, Алла Тағала жерді жаңбырмен қалай тірілтсе, адамдардың жүрегін ғалымдардың хикмет сөздері тірілтеді», - деп өсиет айтқан екен.

 

***

Сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) тақуалықтың не екенін сұрағандарға: «Сіз өміріңізде тікенді жолдан өтіп пе едіңіз?» - деп сұрады. Олар: «Иә, өттік», - деді.

- «Олай болса, сол жерден өткенде не істедіңіз?»

- «Тікендерден сақтанып өттік».

- «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», - деп түсіндірді сонда Әбу Хұрайра (р.а.).

0 пікір