Сыйлық сыйлағанға сіз де сыйлық беріңіз!
Сыйлық сыйлағанға сіз де сыйлық беріңіз!
10 жыл бұрын 5156

Имамға бір танысы сыйлық жібереді. Имам артынша оған да сыйлық жібереді. Бұған өкпелеген танысы бір кездескенде:

– Маған сыйлығымды қайтарып беретініңді білгенімде, сыйлық жасап әуре болмас едім ғой, – дейді ойын-шынын араластырып. Сонда имам:

– Олай деме, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Егер сендерге біреу сыйлық жасаса, сендер де қолдан келгенше сыйлық жасауға тырысыңдар, жағдайларың келмесе, ол үшін дұға етіңдер» деген хадисін естімеп пе едің? – деген екен.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: