Сыйлығын ал
Сыйлығын ал
9 жыл бұрын 3035

Айша анамыз әңгімелеуде:

«Бірде жағдайы нашар бір әйел маған сыйлық әкелді. Тұрмысы төмен екенін білгендіктен, алып келген сыйлығынан бас тарттым. Осы сәт Пайғамбарымыз (с.а.у.) мені оңаша шығарып алып: «Айша, еруліге қарулы деген, сыйлығын алып, қарымтасын берсеңші! Егер олай жасамасаң, кедейлігін бетіне басқандай боласың. Риясыз көңіліне кірбің түсіріп, ренжітіп аласың. Сенің іштей жаның ашып сыйлықты алмағаныңды ол басқаша түсініп, мені менсінбеді деп ойлап қалуы мүмкін. Кішіпейіл бол. Өйткені Алла Тағала кішіпейіл болғандарды жақсы көреді. Ал тәкаппарлар Оның сүйіспеншілігінен нәсібін ала алмайды», – деді».

0 пікір