Сүлеймен пайғамбардың қайғысы
Сүлеймен пайғамбардың қайғысы
8 жыл бұрын 6077

Хазірет Сүлеймен (а.с.) ұлы қайтыс болғанда, қатты қайғырды. Осы кезде екі періште келіп, төрелігіне келгендей шарт жүгініп отырды. Біреуі былай деді:

– Мен дән ектім. Өнімін енді алмақ болғанымда, мына кісі келіп таптап өте шықты. Егінімді құртты.

Сүлеймен (а.с.) екінші кісіден сұрады:

– Сен бұған не дейсің?

Ол былай деді:

– Мен жолмен кетіп бара жатып, егілген егінге көлденең келдім. Оң жағыма да, сол жағыма да қарадым, сөйтсем жол егіннің тура ортасымен өтеді екен.

Сүлеймен (а.с.) егін иесінен сұрады:

– Сен неге тура жолға дән ектің? Халыққа жол керек екенін білмеуші ме ең?

Егін иесі:

– Өзің неге балаңа сонша қайғырудасың? Ақыреттің жолында өлім барын білмегенің бе?!

Бұны естігенде, Сүлеймен (а.с.) тәуба етті. Сол күннен бастап баласының қайғысын жеңе білді.

0 пікір