Екі көзі суалып кеткен бір қайыршы бар еді. Бірде өткен-кеткендерге былай деп дауыстады:
– Жұртым, маған жанашырлықпен қараңыздар. Мен екі есе көр адаммын. Сол үшін маған екі есе көмек беріңіздер!
Көпшіліктің бірі:
– Бір соқырлығыңды көріп тұрмыз. Екінші айтқаның не? – деп сұрады.
Сонда ол былай деп түсіндірді:
– Дауысым жағымсыз, естігендердің құлағына түрпідей тиеді. Соқырлыққа дауыстың нашарлығы қосылғанда, екі есе соқырлық болмай қайтсін?! Өйткені даусым жаман болғандықтан, жұрттың маған жанашырлықпен қарауын азайтады. Даусымды естігендердің ашуы келеді. Осы себепті бір емес екі соқырлығы бар маған екі есе жанашырлықпен қараңыздар! Бір басым еш жерге сияр емес, сіздер тек көңілдеріңізге сыйғызбасаңыздар!
Бұны естігенде, халықтың оған жанашырлығы оянды. Ішкі сырын айтқанда, жүрегінің жанға жағымды үні даусының нашарлығын басып кетті. Бұндай адамның жүрегінің үні де нашар болса, онда үш есе соқыр болар еді...