Шын қабір
Шын қабір
10 жыл бұрын 8670

Мінсіздік

Имам Шафиғи өзінің «Китәбүл-үмм» атты еңбегін бірнеше мәрте тексеріп, түзетеді. Бірақ әлі де кемшіліктері барын байқағанда, өзін жайсыз сезінеді. Артынша құбылаға бет бұрып, қолын жайып «Уа, Раббым! Сенің қасиетті кәламың Құраннан басқа кітап қайдан кемшіліксіз болсын?!» деп, мінсіздік тек Жаратушыға ғана тән екендігін тағы бір рет мойындайды.    

 

Шын қабір

Тақуа кісілердің бірі Рабия ибн Хайсам үйінің ішінен қабір қаздырған екен. Жүрегі қатая бастағанын байқаған сәтте дереу соның ішіне кіріп жатып, бір мезгіл тәубаға келетін. Бір сағат терең ойға берілетін.

«Раббым мені, дүниеге қайтаршы, босқа өткізген уақыттарымды жақсы істермен өтейін» (Муминун, 99-100) деген мағынадағы аятты оқитын да әлгі қабірден сыртқа шығатын.

Сыртқа шығып өз-өзіне: «Ей, Рабия, көрдің бе, бұдан сабақ ал. Бірақ қанша жалынсаң да кері қайтармайтын шын қабірге түсетін кезіңді ешқашан есіңнен шығарма» дейтін.

1 пікір