Жүсіп (а.с.) пайғамбарды жазалау үшін зынданға апара жатқанда, бір кісі табалағандай: «Уәзірдің ханымының қаһары оңай ма, жазасын тарт енді», - деп айқайлайды. Сонда Жүсіп (а.с.): «Мен үшін жазықсыз зынданға түсу – арсыздықпен зина жасап, о дүниеде оттан әзірленген киім кигеннен, лапылдаған жалынған оранып, қайнаған су ішіп, тозақтағы заққум ағашын жеп жазаланғаннан әлдеқайда жеңіл», - деп жауап берген екен.