«Қайсы қала сұлу?» (Румидің әңгімелерінен)
«Қайсы қала сұлу?» (Румидің әңгімелерінен)
2 ай бұрын 4084

Ғашық адамнан біреу сұрапты:

- Сіз көп саяхаттайсыз. Көп жер көрдіңіз, көп ел көрдіңіз. Айтыңызшы: қайсы қала ең әсем қала?

Сонда ғашық адам былай депті:

- Адамның ғашығы тұрып жатқан қала - әлемдегі ең әсем қала. Тіпті ол жер иненің тесігіндей кіп-кішкентай жер болса да, ғашығымыз өмір сүріп жатқан жер - кең байтақ жазирадай. Мейлі ол жер зынданның түбі болсын, бірақ біз үшін пейішпен тең. Құдды құдықтың түбінде қалған Юсуф пайғамбар сынды.

Ғашығым тозақта болса да, ол жер мен үшін пейішпен тең. Егер ғашығым түрмеде болса, ол жер жасыл бақшаға бергісіз. Сөздіңқысқасы - ғашығым жанымда болса, мен бақыттымын, тіпті түк көрмейтін соқыр болсам да» - деп жауап берген екен1.


1  Мәснәуи хикаялары.

0 пікір