"Қабірдегілерді алдымен мақта, сосын жаманда"
"Қабірдегілерді алдымен мақта, сосын жаманда"
9 жыл бұрын 4387

Әйгілі тақуаға жас жігіт іздеп келіп, жетілудің жолын сұрайды.

– Бүгін түнде, – дейді шал: - Бейіт басына бар да, өлгендерді таң атқанша мақта. Сосын маған келіп, олардың не дегенін айтарсың.

Жігіт келесі күні:

– Айтқаныңызды түгел орындадым. Түні бойы өлгендерді мақтадым. Әулиесіңдер бәрің дедім, құдайдың сүйген құлысыңдар дедім, даналықтың бұлағы, жердің құты, ғаламның шамшырағы — сендерсіңдер дедім. Қасиетті кітаптардан оқыған, білген бар жақсылықты соларға таңдым, — дейді.

– Хош… Сонымен олар саған ризашылдығын не деп білдірді?

– Қайдағы ризашылық? Дым да деген жоқ, үнсіз қалыптарында қала берді…

– Бұлары қызық екен,-дейді шал. Енді сен былай істе, балам. Осы түні сол барған жеріңе тағы бар да, өлгендерді таң атқанша боқта, шамаң келгенше, тілің жеткенше сыбап сал. Көрейін сонда қалай үнсіз қалғандарын!

– Масқарасын шығардым бәрінің, – дейді жігіт келесі күні шалға қайтып келіп. Дінсізсіңдер бәрің дедім. Қарғылы төбетсіңдер, сайтанның ыдысысыңдар дедім. Бауырын өлтірген Қабыл, құдайын сатқан Иудасыңдар дедім. Адам баласы білетін барша жаманшылықты солардың басына үйіп-төктім…

– Иә, не болды сонымен? Олардың қаһарынан қайтіп құтылдың?

– Қайдағы қаһар? Тырс етіп үн қатпады, шіркіндер. Тіпті, моланың үстіне жата қалып, тың тыңдадым… мізбақпайды!..

– Көрдің бе? – депті шал. Сен бұл дүниедегі жетілгендіктің шыңына дәл сол өліктердей мақтау мен боқтауға мізбақпайтын болғанда ғана жетесің..!

3 пікір
  • Ия.ойландырады екен адамды
    9 жыл бұрын
    • жетілгендіктің шыңына дәл сол өліктердей мақтау мен боқтауға мізбақпайтын болғанда ғана жетесің..!
      Осы жерін түсінбедім.
      9 жыл бұрын
      • Яғни, мақтаған кезде көкіректеніп, өзіңді бір керемет адамдай сезінбей, кішіпейілдік танытып, тіпті сол мақтау болмағандай болу, ал боқтаған кезде ашуға булықпай, кері жауап бермей, оған да сабырлық танытып өзін өзі ұстай білу - міне нағыз кемелдідік. Менің түсінгенім бойынша осылай. Анығын Алла біледі.
        9 жыл бұрын