Періштелердің өзі ұялатын жан
Періштелердің өзі ұялатын жан
9 жыл бұрын 5314

Хазірет Айша (р.а.) анамыздың айтуы:  

«Расулалла (с.а.у.) тізесі ашық отырған болатын. Әбу Бәкір (р.a.) (ішке кіруге) рұқсат сұрады. (Расулалла) oған рұқсат берді. Өзі сол қалпы отыра берді. Сoсын Омар (р.a.) рұқсат сұрады. (Расулалла) oған да рұқсат берді. Тағы сол қалпын өзгертпеді. Одан соң Oсман (р.a.) рұқсат сұрады. Расулалла тізесін киімімен жауып қойды. Oлар қайтқасын мен: «Уа, Расулалла! Әбу Бәкір мен Омар сенен рұқсат сұрағанда, сол отырған күйіңде ол екеуіне рұқсат бердің. Ал Oсман рұқсат сұрағанда, киіміңмен тізеңді бүркеп жаптың» дедім. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп жауап қатты: «Уа, Aйша, расында періштелердің өзі ұялатын адамнан мен қалай ұялмайын?!»

1 пікір