Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ғифрит жынын қалай жойды?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ғифрит жынын қалай жойды?
2 ай бұрын 3217

Бисмилләһир рахманир рахим

Хадистер жинақтарында мынадай бір оқиға орын алған. Ол оқиғада Алла елшісін өлтіргісі келген Ғифрит жынының ақыры айтылады. Абдулла ибн Мәсъудтан (р.а.) жеткен бұл хадисте ардақты сахаба былай деп әңгімелейді:

«Жындармен кездесетін түні мен Алла елшісімен бірге тұғым, шайтандар таудан, сайдан (қаптап) түсті. Алла елшісі (с.а.у.) Құран оқи бастады. Арасында қаныпезер Ғифрит жыны Оны (с.а.у.) өртеп өлтірмекші болып, қарсы алдына шығады. Қолында оттың жалыны бар болатын. Ол Пайғамбарға жақындай түсті. Сол кезде Жебірейіл періште (ғалейһиссәләм): «Уа, Мұхаммед! Саған бір сөздер үйретейін бе, оны оқысаң Ғифрит тұмсығымен жер сүзе құлап, қолындағы шоғы өшеді» дейді де, былай айт деп мына сөздерді үйретті: «Әғузу бинури уәжһилЛәһиль Кәрим, уә кәлимәәтиһит тәәммәәтил-ләти ләә южазиһуннә биррун уә ләә фәжирун, мин шәрри мәә зәро-ә филь ард уә мә яхружу минһә, уә мә янзилу минәс сәмәә-и, уә мә яъружу фиһә. Уә мин шәрри фитәниль ләйли уән-нәһәри. Уә мин шәрри Тауәриқун-нәһәәри илләә тоориқон ятруқу бихойрин, йәә, Рахмәәну!» деп айт дейді періште.

Пайғамбарымыз осы сөздерді (бүге-шүгесіне дейін қалдырмай) қайталап айтты. Соның салдарынан Ғифрит жыны тұмсығымен жер сүзе құлап, қолындағы оты сөнді»1.


1  Ибн Абдульбирр: «әт-Тәмһид филь Муатта минәль маъаний уәль әсәниид». 1773 хадис; Ибн Жәузи: «Бүстәнуль Уаъизин». 25 тарау.

0 пікір