Пайғамбарлар да, шейіттер де қызыға қарайды
Пайғамбарлар да, шейіттер де қызыға қарайды
9 жыл бұрын 5967

Хазірет Омар (р.а.) әңгімелеуде:

Расулалла (с.а.у.) «Алланың құлдарының арасында бір топ бар, олар пайғамбар да, шейіт те емес, қиямет күні Алла құзырындағы дережесінің жоғарылығына байланысты пайғамбарлар да, шейіттер де оларға қызығады» дейді. Қасындағылар: «Олар кімдер?» деп сұрағанда:

«Олар араларында туыстық қатынас және бір-біріне берген дүние-мүлкі болмаса да Алланың разылығы үшін бір-бірін жақсы көргендер. Аллаға ант етемін, олардың жүзі нұр. Халық қорыққанда, ренжігенде олар қорықпайды, ренжімейді» деді де мына аятты оқыды: «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ әрі олар қайғырмайды»[1].

[1] Юнус, 10/62, Әбу Дәуіт, Бүйу 78

0 пікір