Аңыз бойынша, Хақ Тағала нәпсіні жаратқан кезде одан:
«– Сен кімсің, Мен кіммін?» – деп сұрапты. Сонда нәпсі еш шімірікпестен:
«– Сен – Сенсің, мен – менмін!» – деп жауап қатады.
Жаратушы Ие өзін бар еткен Раббысын танығысы келмеген нәпсіні жаза ретінде мың жыл бойы тозақ отына жағады. Мың жыл өткен соң одан қайта сұрайды:
«– Сен кімсің, Мен кіммін?» - деп.
Нәпсі әлі де болса асқақтап:
«– Сен – Сенсің, мен – менмін!» – деп менмендік танытады.
Алла Тағала нәпсіні тағы мың жыл отпен жазалайды, алайда келесі жолы сұрағанда да әлгіндей жауап алады. Осыдан кейін Жаратқан нәпсіні үш күн бойы аш қалдырып жазалайды. Үш күннен соң нәпсіге:
«– Сен кімсің, Мен кіммін?» – деген сұрақты қайта қойғанда, нәпсі әбден діңкелеп, әлсіреген күйде былай деп жауап береді:
«– Сен – бүкіл әлемдердің Раббысы Алласың, ал мен – дәрменсіз бір пендемін (құлмын)!..».
Осы ғибратты хикаядан көріп отырғанымыздай, ораза – нәпсіні тәрбиелеп, оның асқақтығын басудың ең оңай әрі ең тиімді жолы.1
1Halime Demireşik, Şebnem Dergisi, Ağustos-2011