Бір күні мешітке бір кісі намаз оқуға кіреді. Үстінен жұпар иіс шығып, әдеміленгені көрініп тұр. Екі рәкағат намазын оқуға кірісіп, алдыңғы қатарға тұрады. Сонда артқы жақтан:
- Мынау әлгі бұзақы емес пе? Намаз оқып қапты ғой өзі, - десе, енді біреуі:
- Қайбір намаз оқып жатыр дейсің, ел көрсін деп, елдің көзіне жағымпазданып оқып жатқаны да, - деген ойды айтады.
Намазын ұзартып, барынша байыппен оқуға тырысып, күнәларына кешірім сұрап жатқаны көрінеді, сәждеде біраз уақыт болады. Әлгі арттағылардан тағы да:
- Мынаның сәждеде көп жатуын қарашы, - дейді. Парыз намазға қамат айтыла бастаса да әлгі жігіт сәждеден тұрмайды. Жамағаттың ішінен бір кісі келіп:
- Тұрсаңшы енді, намаз басталды, бұлай өтірік намаз оқыма!, – деп қолынан ұстап тұрғызса, бұл жігіт сәждеде жатып жан тапсырған екен.
Иә, адам туралы асығыс шешім шығару дұрыс емес, әрине. Адамның соңғы амалы - ақыреттегі жағдайының нәтижесі. Сол үшін үнемі: «Аллаһым, амалдарымыздың соңын қайырлы ет!», - деген дұға жасайық.