Бірде бір мүмин мен пұтқа табынушы бірге балық аулауға шығыпты. Теңіз жағалауында тұрып кешке дейін қармақ салыпты. Пұтқа табынушы қармағын теңізге әр лақтырған сайын өзі табынатын пұттың атын атапты. Мүмин болса әр қармақ лақтырған сайын Алланың атын аузынан тастамапты. Бірақ кешке дейін жалғасқан қармақтың соңында пұтқа табынушы дорбасын балыққа толтырыпты. Ал мүминнің қармағына ештеңе ілікпепті. Күн батқан уақыттарда бір балық ұстаған еді, бірақ қуанып тұрғанда айрылып-ақ қалғаны. Кешкісін пұтқа табынушы олжалы, ал мүмин болса, мұңайып құр қол үйіне қайтты. Бұл кезде қорғаушы періште мүминге жанашырлықпен қарады. Көкке шыққанында, Алла оған мүминнің жұмақтағы орнын, ал пұтқа табынушының тозақтағы орнын көрсетті. Бұны көргенде періште былай деді: «Аллаға мың да бір шүкір, жаны жұмаққа баратын болған соң мүминнің дүниеде шеккен қиындықтары түк емес екен. Тозаққа баратын болған соң кәпірдің дүниеде көрген қызықшылықтары да бекер екен».
Өзекті мақалалар
■
«Ашуланба!»: Ашудың жүрек ауруының қаупін арттыратындығы анықталды
■
1000 жыл бұрын Мұсылман әлеміндегі экспериментальды медицинаның дамуы
■
Құдай Тағаланы үнемі еске алып жүр!
■
Хадис: «Дене қызуын сумен басыңдар!» (Пайғамбар өсиеті және қазіргі медицина)
■
Дәреттің медициналық пайдалары анықталды
Көп оқылғандар
■
«ОРЫС КОММУНИСТЕРІН ЖЫЛАТҚАН ҚҰРАННЫҢ ҚҰДІРЕТІ»: атақты қари Абдуль-Басит Абдуссамадтың басынан өткен хикая
■
Николай Коперниктің тұжырымдарына мұсылман астрономы Ибн аш-Шатирдің ықпал еткені анықталды
■
«Алланы алдау мүмкін емес»: Ибн Жәузи күмәнді табыс көзі жайында
■
Дәрет кезінде құлаққа мәсіх тартудың денсаулыққа тигізетін пайдасы анықталды
■
Имам Ғазалидің кейбір нақыл сөздері