«Мәснәуиден» бір хикая. Мәжнүн және түйесі (тәмсіл)
«Мәснәуиден» бір хикая. Мәжнүн және түйесі (тәмсіл)
5 жыл бұрын 4835

Мәжнүн ғашығы Ләйләсінің ауылына бару үшін бір іңгенге мінеді. (Іңген – айыр өркешті ұрғашы түйе).

Екеуі біраз жол жүреді. Алайда, Мәжнүннің барлық ойы сүйіктісінің ауылына тез арада жету болса, түйесінің ойы - артта қалған ботасында. Тезірек кері қайтып, ертерек ботасымен қайта қауышсам дейді.

Сондықтан, Мәжнүн бір сәт ойға шомып кетсе болды, түйесі басын артқа бұрып алып, төліне жету үшін ауылға қарай кері шаба жөнеледі екен. Мәжнүн өз-өзіне келе сала түйесінің басын бұрып, оны қайта Ләйләның ауылына қарай жолға салады екен.

Осылайша екеуі екі-үш күн бойы екі ілгері, бір кейін басып жүрумен болады. Мәжнүнге бұл жол бірнеше жылға созылғандай тәрізденіп, жолдың ұзағаны оны шаршата бастайды. Ақырында Мәжнүн түйесіне:

«Ей түйе! Екеуміз де ғашықпыз. Бірақ екеуміздің сүйіктілеріміз екі жерде. Мына түрімізбен, екеуіміз бір-бірімізге жолсерік бола алмаймыз. Бұл жолда бірге жүруіміз екеумізді де діттеген мақсатымызға жеткізбек емес. Ең дұрысы – әркім өз жолымен кетсін» деп, Мәжнүн астындағы түйесін жібере салыпты.

Ғибрат:

Аталмыш хикаядағы «Мәжнүн», ол – адамның рухының тәмсілі. Адамның рухы Раббысына ғашық болған кезде, Раббысына қарай барғысы келіп тұрады. Бірақ, нәпсісі хикаядағы түйе сияқты, материалдық қалауларының соңына түсіп, үнемі оған (рухқа) кедергі жасайды да тұрады.

Мәуләна Ж. Руми, «Мәснәуи Шәриф».
Түрікшеден а
ударған: А. Қасым

0 пікір