Күндер мен күнәлар
Күндер мен күнәлар
2 жыл бұрын 2660

Бір кісі өз-өзін есепке тартыпты. Ол үшін бүкіл өмірін жалпылама алпыс жыл деп алып, сол алпыс жыл ішінде қанша күн бар екенін есептегенде 21 900 күн шығыпты. Бұны көріп есі шыға безек қаққан әлгі кісі өкіріп жылап қоя беріпті.

– Күн сайын бір күнәдан істесем осыншама көп күнамен қай бетіммен Аллаһтың алдына барам?! – деп жанын қояр жер таппай егілген ол сол мезет талып қалыпты.

Есін жиғанда жаңағы нәрсе қайта есіне түсіп, қайтадан талықсып кетіпті. Маңайындағылар оятуға тырысқанда оның өліп қалғанын бір-ақ біліпті.

Иә, біздің күніге қанша күнә істепжатқанымызды кім білсін? Соңымыз не болар екен? Аллаһ бәрімізді де кешірсін![1].


[1] Құдайберді Бағашар: «Тағылым тамшылары».

0 пікір