"Күнә жасаған мұсылман – кәпір» деп түсінетін харижиттердің бір-екі адамы имам Ағзамға келіп: «Мешіттің ауласына бірі араққа сылқия тойып жан тапсырған ер кісі мен зина жасап, кейін жүкті екенін сезгенде, өз-өзіне қол жұмсаған әйел әкелінсе, оларға қандай пәтуа шығарар едің? Сенім тұрғысынан қалай бағалайсың?» – дейді.
– Бұлар кімдер? Яһудилер ме?
– Жоқ.
– Христиан ба?
– Христиан емес.
– Пұтқа табына ма?
– Жоқ.
– Олар кімдер сонда?
– «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.у.) оның елшісі» деген кәдімгі өзіміздің мұсылмандар.
– Кәлима-шәһәдат иманның неше бөлігін құрайды? Үштен бірі, төрттен бірі...
– Үштен бірі де емес, төрттен бірі де емес. Иман – бүтін нәрсе, ол бөлшектенбейді.
– Сонда иманның қаншасы?
– Тұтас иманның өзі.
– Олай болса жауапты өздерің беріп тұрсыңдар емес пе, олардың мүмин екенін айттыңдар. Хазірет Ибраһим (а.с.) бұл екеуінен де үлкен күнә жасаған қауым
үшін былай деген: «Маған бағынғандар – менен. Маған қарсы келгендерге Сен өте Кешірімді әрі Рақымдысың...». Хазірет Иса (а.с.) да «Я, Раббым, егер Сен оларды азаптасаң, олар Сенің құлдарың. Егер кешірсең, Сен Ұлысың әрі Хакімсің» демеп пе еді. Ибраһим (а.с.) мен Иса (а.с.) да дұшпандарының кешірілуін қалағанда, сендерге не жоқ? – дейді.
Харижиттер қате түсінікке барғандарын сол мезет түсініп, келген ізімен кері қайтады.