Суфиян әс-Сәури әкесінен, ал әкесі Ибраһим әт-Тәймиден жеткізген риуаят бойынша, бір күні Иса пайғамбар (ғалейһиссәләм) жолда келе жатып бір адамды кездестіріпті. Иса пайғамбар әлгі кісіден:
- Не істеп отырсың? – деп сұрапты.
- Құлшылық жасап отырмын, - деп жауап беріпті әлгі адам.
- Сені кім асырап жатыр? – деп сұрапты Иса пайғамбар.
- Ағам! - деп жауап беріпті әлгі адам. Сонда Иса пағамбар әлгі адамға:
- Ағаң сенен асқан құлшылықшыл тақуа жан екен! - депті де өтіп кете беріпті. Осылайша, Иса пайғамбар жұмыс істеп нәпақа табудың өзі үлкен құлшылық екендігін ұқтырыпты.
Абдусамат Қасым
Ахмед ибн Мәруа әл-Мәлики: "әл-Мәжәәлиса уә жәуәһируль ъилм".