Амир ибн Абдулла әңгімелеуде:
«Сәлман Фариси (р.а.) төсек тартып жатып, аурудан емес, әлдеқандай уайымнан мазасы қашып, жүдеп кетті. Айналасындағылар: «Ей, Әбу Абдуллаһ! Неге сонша қобалжисың? Сенің игі амалдарың мол емес пе? Әрі Алла елшісімен бірге талай шайқасқа қатысып жеңіске жеттің», – деді. Сонда Сәлман: «Мына дүниені қимай, о дүниеге кетіп бара жатқаныма жылап жатқаным жоқ. Мені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бізге айтып кеткен өсиеті мазалайды. Өсиетінде: «Сендерге жолаушының азығындай дүние жеткілікті» деп ескерткен еді», – дейді.
Сәлман (р.а.) өмірден озғанда, артында бар-жоғы он бес дирхамдық қана дүние қалған еді.