Жақып пайғамбардың (а.с.) дұғасы
Жақып пайғамбардың (а.с.) дұғасы
9 жыл бұрын 10020

Жаратушы ие бірде елшісі хазірет Жақыптан (а.с.) былай деп сұрапты:

– Сені неге ұлың Жүсіптен ажыратқанымды білесің бе?

Жақып (a.с.):

– Жоқ, білмеймін, – деді.

Жаратушы ие:

– Сен Жүсіптің бауырларына: «Сендер ғапылдықпен аңдамаған бір уақытта қасқыр келіп оған шаба ма деп қорқамын» дегенің үшін сені ұлыңнан ажыраттым. Неге оған қасқыр шаба ма деп қорықтың, неге Менен үміт үздің? Неге бауырлары қарамай қоймай ма деп алаңдап, менің оны қорғайтынымды ескермедің? Ал Жүсіппен сені қайта неліктен қауыштырғанымды білесің бе?

Жақып:

– Жоқ.

Алла Тағала:

– Өйткені сен Маған жалбарынып былай дедің: «Мүмкін Алла бәрін жиып алдыма келтірер» ("Жүсіп" сүресі, 83-аят) Бұған қоса: «Әй, ұлдарым! Қане, барып, Жүсіп пен бауыры жайлы жақсылап сұрастырыңдар. Алланың жақсылығынан үміт үзбеңдер!» ("Жүсіп" сүресі, 87-аят) дедің.

Бұл әңгіме ауыздан шығатын әр сөзге абай болу керектігін ұқтырса керек.

1 пікір