Жақсылық жамандықты жояды
Жақсылық жамандықты жояды
8 жыл бұрын 5201
Құдайберді БАҒАШАР

Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырды. Салман әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу Османға қарап: «Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – деді. Ол: «Иә, неге?» – деді. Салман: «Бір күні Алла елшісімен бірге осылай бір ағаштың астында саяладық. Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары түскенше желпи бастады. Маған қарап: «Салман, неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың?» – дегенде, мен де: «Айтыңыз, уа, Расулаллаһ?» – дедім. «Бір мұсылман жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса, мына түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады», – деді де, артынша: «(Мұхаммед) күндіздің екі жағында, (таң мен екінті намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен құптан) намазын толық орында. Анығында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл ойланғандар үшін насихат» – деген аятты оқыды.

0 пікір