Ислам үшін не сұрар едіңіздер?
Ислам үшін не сұрар едіңіздер?
9 жыл бұрын 4095

Бірде сахабалар мәжіліс құрып отырады. Хазірет Омар олардан жеке-жеке сұрайды:

«Сіздер Исламға қызмет еткілеріңіз келеді. Алла Тағала тілеулеріңізді қабыл алмақ болса, Исламға қызмет ету үшін не тілер едіңіздер?»

Бірі: «Уа, мүминдердің әміршісі, егер Алла менің дұғамды қабыл алса, онда мен бір сандық тола алтын сұрар едім. Сол алтындарды Ислам жолына жұмсар едім» дейді.

Жанындағыдан сұрағанда ол: «Мен бір сандық тола күміс сұрар едім. Соны Ислам жолына жұмсар едім» дейді.

Басқа біреуінен сұрағанда: «Мен Алла Тағаладан сай сала тола қой сұрар едім. Сол қойлардың етін, жүнін, сүтін мұсылмандарға беріп, исламға солай қызмет етер едім», - деп жауап қатады.

Осылай әрбірінен сұрағанда әртүрлі жауаптар естиді. Кезек халифа Омардың өзіне келеді. Сахабалар одан: «Исламға қызмет ету үшін сіз не тілер едіңіз?» деп сұрайды. Сонда ол: «Егер Алла Тағала дұғамды қабыл алып, тілегімді берер болса, сендер секілді алтын күміс, сай сала тола мал сұрамас едім. Мен Алладан адам сұрар едім, адам», - деп сөзін жалғайды: «Әбу Үбәйда секілді, Әбу Зәрр секілді, Муаз ибн Жәбал секілді мықты кісілер сұрар едім».

Иә, маңыздысы, қоғамға пайда тигізетін адам бола білу.

5 пікір
  • Менің аузым берік,бірақ 2күн болды күйеуім ішіп жүр.менін оразам бұзылмай ма?
    9 жыл бұрын
    • Әркім өз күнәсін өзі көтереді. Күйеуіңіздің ішкені сіздің оразаңызға зияны жоқ. Сіз Алланың бұйрығын орындап, ауыз бекітіп жүргеніңіз үшін сауапқа кеңелесіз, иншаАЛЛА. Исламда әр кім өз күнәсі үшін жауапқа тартылады. Бұл жайында Құранда былай делінген: «...Әркім өзінің істеген күнәларына жауап береді. Біреудің күнәсін біреу көтермейді. Бәріңнің де барар жерлерің Раббыларыңның алды...» .
      Және де Алла тағала Тахрим сүресінде құдайға қарсы келген Перғауынның жасырын иман еткен әйелі Әсия жайында сөз еткен. Демек, күйеуі күнәһар бола тұра, сіз секілді парыздарын орындап жүрген әйел кісілердің істеген амалы қабыл етілмейді дей алмаймыз.
      Оразаңыз қабыл болсын. Алла еріңізге тауфиқ беріп, тура жолға бастасын.
      9 жыл бұрын
  • Ауызды ашқаннан кейін ерлізайыптылардың арасындағы қатынас болды енді сол күнімді қайтадан өтеп берем ба?Бір имам болады бірақ шаштан бастап ғұсыл ал деген,одан кейін ғұсыл алып қайтадан ауыз бекіттім.Оразам бұзылдыма?
    9 жыл бұрын