Иманды қалай үйренуге болады?
Иманды қалай үйренуге болады?
8 жыл бұрын 5391

Ыбырай Алтынсарин «Ғалым кісі» атты әңгімесінде былай дейді:

Бір зор ғалым молдадан жаңа дінге кірген бір адам:

– Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? – деп сұрапты.

Ғалым айтты:

– Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, – деді. Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда ғалым айтты:

– Далаға шықсаң, көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды – осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жарата алмайтынын түсінесің. Олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті Ие болса керек, біз көрмеген. Соны ақылға салып ойлансаң, иманыңның жартысы тамам болады, – деді.

0 пікір