Ғалымның ғайбатшыға берген дәрісі
Ғалымның ғайбатшыға берген дәрісі
6 жыл бұрын 4128
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы

Күндердің күнінде бір жігіт елде танымал ғалымның алдына келіп өзінің пайдасы үшін ғалым туралы адамдарға жаман сөз айтып, ғайбаттағаны туралы мойындап, кешіруін өтінеді. Ғалым біршама ойланып оған бір тапсырма беруді ойлайды:

— Сен қазір үйіңе бар да құстың ұлпасы салынған жастықты алып, ортасынан кес. Сосын үйдің шатырына шығып сол жастықтағы ұлпаны желге қарсы шашып жібер,-дейді. Жігіт үйіне қайтып, айтқанды бұлжытпай орындап, қайта ғалымның алдына келеді. Сол кезде ғалым оған:

— Енді сол шашылған ұлпаларды біртіндеп қайта жинап, жастыққа сал, дейді. Жігіт таңданып:

— Бұл енді мүмкін емес қой, ұлпалар желмен ұшып кетті емес пе?, дейді. Сонда ғалым:

— Әрине, мүмкін емес. Бұл сен үшін бір дәріс болған еді. Сен біреу туралы ғайбат айтқанда сол ауызыңнан шыққан сөз әлгі құстың ұлпасы секілді қайта жинауға келмейтіндей адамдар арасында тез тарап кетеді. Сондықтан, келешекте сөйлемес бұрын ойыңды сүзгіден өткізіп алған жөн,-деген екен.

Пікір білдірілмейді.